Фейк | Көшедегі орындықтан СПИД жұқтыруыңыз мүмкін

7 қарашада Қазақстандық қолданушылар whatsapp мессенджерінде “Көпшілік орындарда жасырылған ине арқылы СПИД және өзге де қауіпті ауру жұқтыруыңыз мүмкін” деген хабарламалар тарады. Чаттағы ақпаратқа сенсек, көшеде орнатылған орындықтарға әлдекімдер ине қойып кеткен. Инелердің ұшында қанға ұқсас қызыл белгісіз зат бар. Қолданушылардың арасында инелерді өз көздерімен көргендер де бар болып шықты. Хабарлама қазақ тілінде тарады.

Фейк | Көшедегі орындықтан СПИД жұқтыруыңыз мүмкін
whatsapp мессенджерінен скрин

Үкім: Фейк 

Тараған фотолар Солигорск (Беларусь Республикасы) қаласында түсірілген және Қазақстанға еш қатысы жоқ.

“Қылмыс Процесуалдық Заңнамаға сәйкес аталған факты бойынша материал тексеру үшін Солигорск ішкі істер басқармасында тіркелді. Оқиға орнын тексеру барысында медициналық бір реттік щприцтердің қалпақщалары мен инелер тәркіленді.” – деп мәлімдеді Солигорск ІІБ-ның есірткіні қадағалау және адам саудасына қарсы тұру бөлімінің  бастығы Петр Картаков. 

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz