Фейк Ι АҚШ сенаторы Джон Маккейннің Усама бен Ладенмен түскен суреті

2018 жылдың тамызында Құрама Штаттарының сенаторы Джон Маккейн 81 жасында көз жұмды. Оның өлімінен кейін қос саясаткердің Усама бен Ладенмен түскен суреті
желіде кең тарады. Сондай-ақ бұл фото YouTube желісіндегі Qanon хэштегі бар
видео кадрларының бірі. Qanon – 2017 жылдың қазанында басталған ымыралы қастандық (теория заговора).

Үкім: Жалған

Дәл осы фотоға қарап әлдебіреуді қылмыскер деуге келмес.  Аризона штаты сенаторының өлімінен кейін әлеуметтік желі қолданушылары Джон Маккейн мен Линдси Грэмның Усама бен Ладенмен түскен жалған суреттерін кеңінен таратты. Шындығында бұл фото 2013 жылдың шілде айында Ауғанстан президентімен кездесуде түсірілген.

Суретте көрсетілген адамдардың сол жағындағысы Джон Маккейн, оң жағындағы Линдси Грэм болса ортасындағы Хамид Карзай (2004-2014 жылдары арасындағы Ауғанстан президенті). Төменде көрсетілген суретте Хамид Карзайдың басы ғана өзгертілгені көрініп тұр, ал суреттің өзге тұстары бастапқы қалпында қалған.

Сондай-ақ 2013 жылдың 4 шілдесінде Джон Маккейн бұл фотоны өзінің твиттер парақшасында жариялады.

Фейк Ι АҚШ сенаторы Джон Маккейннің Усама бен Ладенмен түскен суреті

Дата-журналист, медиа-тренер. Изучаю журналистику и государственную политику. Целью в профессиональной деятельности является развитие казахстанского общества посредством борьбы против распространения ложной информации в период инфодемии и не только.

Factcheck.kz