Microsoft хакерлердің принтерлер арқылы шабуылы жайлы ескертті  

Принтерлердегі стандартты парольдің болмауы немесе жүйенің жаңартылмауы хакерлер үшін кибершабуыл жасауға мүмкіндік тудырады. Microsoft корпорациясының деректері жайлы DW хабарлайды.

Microsoft IT-сарапшыларының мәліметтері бойынша, қаскүнемдер желіге кіру үшін  принтерлер мен VoIP-телефондарын пайдаланады. Бұл туралы компания Лас-Вегаста өткен жоғары технологиялар саласындағы қауіпсіздік конференциясында мәлімдеді.

Компания сарапшыларының пайымдауынша шабуылдарға Strontium киберқылмыскерлер тобы жауапты (басқа атаулары Fancy Bear, APT28 және Sofacy). Осыған дейін шабуылдарды Ресей Қарулы Күштері Бас штабының басқармасымен байланыстырған. Басқарма АҚШ-та 2016 жылы өткен президенттік сайлау науқаны кезінде Хиллари Клинтонның сайлауалды штабына кибершабуыл жасады деген болжам бар.

Ресейлік хакерлердің шабуылдары туралы компания соңғы рет ақпан айында хабарлады. Ол кезде хакерлер Германия сыртқы саясат қоғамы қызметкерлерінің 104 аккаунтына, сонымен қатар Аспен институтының еуропалық филиалдарына және АҚШ Маршаллының Герман қорына (GMF) шабуыл жасады.

Контекст

Шілде айында “Халық банкі” клиенттеріне жасалған фишингтік шабуылдың салдары белгілі болды. Мекеменің ресми сайтына ұқсас жалған сайт жасаған хакерлердің айласына жүздеген қазақстандық сеніп, жеке дерегін “өз қолымен ұсынған”.

Factcheck.kz