Антибиотиктер туралы 11 миф

Маусым айында Қазақстанда рецептуралық бақылау енгізілді, енді кейбір препараттарды тек рецепт арқылы ғана сатып алуға болады. Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов «Адамдар емді өздеріне өзі тағайындайды… әрине, содан антибиотикорезистенттілік туындайды. Осыған орай ДДСҰ өте маңызды резолюциялар қабылдауда» деп мәлімдеді.

Расымен, ДДСҰ осы мәселе бойынша резолюциялар қабылдап жатыр. Ал біз антибиотиктер туралы кең таралған пікірлерді талдап көреміз. Осыған қоса антибиотиктерді мал шаруашылығында қолдану қаншалықты қауіпті екенін және қымбат дәрі-дәрмектер қолжетімді аналогтардан соншалықты жақсы ма екенін анықтаймыз.

Мазмұны

«Адамзатқа антибиотиктерге төзімділік қауіпі төніп тұр»

Үкім: Шындық

Бұл мәселеге ДДСҰ-ның 2001 жылғы «Микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу жөніндегі жаһандық стратегия» атты құжаты арналған. 2019 жылдың мамыр айында осы тақырыпқа байланысты резолюция, ал оған дейін 2015 жылы – микробқа қарсы препараттарға төзімділік (AMR)  мәселесі бойынша жаһандық іс-қимыл жоспары қабылданды. Жалпы, ДДСҰ бұл мәселемен 1998 жылдан бастап жаһандық деңгейде айналысып келеді. 2001 жылғы стратегияда былай деп жазылған:

Осы ауруларды тудыратын патогенді микроорганизмдердің бірінші қатардағы дәрі-дәрмектерге төзімділігі 0-ден 100%-ке дейін. Кей жағдайларда екінші және үшінші қатардағы заттарға төзімділік ауруды едәуір асқындырып жіберуі мүмкін.

ДДСҰ-ның мәліметі бойынша Еуропада жыл сайын AMR салдарынан 25 мың адам қайтыс болады, 2016 жылы AMR-ге байланысты себептерден әлемде 7 млн адам қаза тапты.

Бұл қалай болады?

Дәрілік төзімділік – эволюцияның табиғи құбылысы. Микробқа қарсы препараттардың әсерінен аса сезімтал микроорганизмдер өледі, ал мұндай препараттарға төзімді микроорганизмдер қалады. Кейін олар көбейіп, төзімділікті өз ұрпағына, ал кей жағдайларда басқа микроорганизмдерге беруі де мүмкін.

Антибиотиктерді мал шаруашылығында қолдану – адамзатқа қауіпті. Ірі қара малдарға антибиотиктер егеді, сол себепті адамдарда резистенттілік пайда болады

Үкім: Шындық

«Кейбір азық-түлік өнімдеріндегі, әсіресе еттегі жануарлардың тұрақты патогенді микроорганизмдері адамдарда емделуі қиын жұқпалы аурулар тудыруы мүмкін», деп жазылған ДДСҰ-ның төзімділікті тежеу жөніндегі жоғарыда айтылған стратегиясында.

Мысалы, ДДСҰ өсуді ынталандыру және профилактика үшін микробқа қарсы препараттарды қолдануға сөзсіз шектеу енгізуге шақырады. «Азық-түлік мал шаруашылығында медициналық қатынаста маңызды микробқа қарсы препараттарды қолдану жөніндегі нұсқаулықта» антибиотиктерді мал шаруашылығында қолдану ауқымын қысқарту, ал, мысалы, ауру жануарларды емдеуде мүлдем пайдаланбау ұсынылады. Ол антибиотиктер қатарында адам медицинасы үшін ең қажет әрі аса маңызды саналатын микробқа қарсы препараттар бар.

Антибиотиктер туралы 11 миф

Инфографикадан адамдарды емдеуге арналған микробқа қарсы дәрілердің маңызды, өте маңызды және аса маңызды (жоғары және ең жоғары басымдық дәрежесі) тізіммен таныса аласыз.

«Фармацевтикалық компаниялар резистенттілікке байланысты әлдеқайда күшті антибиотиктер ойлап тауып жатыр»

Үкім: Жартылай шындық

Жауап беретін: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті (жауапқа комитет төрағасы Л. Бюрабекованың қолы қойылған):

«Антибиотикорезистенттілікті дамыту – жаңа антибиотиктерді («әлдеқайда күшті» емес, тек жаңа, резистенттілігі әлі жоқ…) іздеуге ынталандыру.

Алайда, ДДСҰ-ның 2001 жылғы Стратегиясы келесі проблеманы көрсетті: «…Фармацевтика өнеркәсібінде микробқа қарсы препараттарды зерделеуге және әзірлеуге қызығушылық (зерттеулерге негізделген) төмендеді. Бұған себеп: бай елдерде тұратын халықтың жұқпалы ауруларға байланысты мәселесі шешілген, ал басымдық «өмір стилінің» дәрі-дәрмектерін әзірлеуге қарай ығысқан»…

ДДСҰ-ның арнайы ресурсындағы «Микробқа қарсы препараттарға төзімділік туралы 10 факт» материалында былай делінген: «…микробқа қарсы жаңа препараттарды әзірлеуге қаражат жеткіліксіз құйылып жатыр. Төзімді микроорганизмдер… (және – Авт.) инфекциялардың алдын алып, олармен күресетін вакциналарды анықтауға арналған жаңа диагностикалық құралдар саласындағы ғылыми зерттеулерге инвестициялар жеткіліксіз. Мұндай жағдай жалғаса берсе төзімді микроорганизмдермен күресуге арналған құралдар арсеналы жақын арада таусылады».

Антибиотиктер туралы 11 миф
Dr Graham Beards at en.wikipedia [CC BY-SA 4.0], через Викисклад

«Алдағы онжылдықта қазіргі кезде қолданылып жүрген антибиотиктер қоздырғыштарға әсер етпейтін болады. Содан кейін планетамызға бұрын жеңген аурулар қайта оралады»

Үкім: Жартылай шындық

2018 жылдың маусымында ДДСҰ 12 бактериялық қоздырғыштардан тұратын тізім жариялады, олармен күресу үшін шұғыл түрде жаңа антибиотиктер жасау қажет:

Антибиотиктер туралы 11 миф

Анықтама үшін: 2018 жылы ДДСҰ-ның жыл сайынғы маңызды аурулар тізіміне адамзат үшін қауіп төндірген аурулар кірген жоқ: денге, сары қызба, АИТВ / ЖИТС, туберкулез, безгек, шешек, тырысқақ, лейшманиоз, Батыс Нил және Оба вирусы. Десе де шолуда бұл аурулар күрделі мәселелер тудырып жатқаны және олармен күрес үшін әлі зерттеу жұмыстары қажет екені айтылған. Атап айтқанда, жақсартылған диагностиканың қажеттілігі мен өкпе обасына қарсы вакциналар туралы айтылады.

Көптеген дәрілік резистенттілігі бар MDR-TB (әлемде 558 мың науқас) және экстенсивті дәрілік төзімділігі бар XDR-TB туберкулездеріне қатысты ДДСҰ жаһандық ТБ-бағдарламасы аясында әдістемелік нұсқаулары бар арнайы бағдарлама әзірледі.

«Қазіргі уақытта пенициллин сияқты антибиотиктер әсер етпейді»

Үкім: Жартылай шындық

2018 жылдың қаңтар айында ДДСҰ жақында құрылған Микробқа қарсы препараттарға төзімділік бойынша халықаралық эпидқадағалаудың (GLASS) алғашқы деректерін жариялады. Пресс-релизде он жыл бойы бүкіл әлем бойынша пневмонияны емдеу үшін пайдаланылған пенициллин препаратына деген төзімділік баяндамаға кірген елдер арасында 0 мен 51%-тің аралығында (Қазақстан әзірше бағдарламаға қатыспайды – Авт.) екені айтылады. Ішек таяқшасынан туындайтын зәр жүйесі инфекцияларын емдеу кезінде қолданылатын ципрофлоксацинге деген төзімділіктің таралуы 8%-тен 65%-ке дейін.

Бактерицидті және бактериостатикалық антибиотиктер – шамамен бір нәрсе 

Үкім: Жартылай шындық

Жауапты Денсаулық сақтау министрлігінің жоғарыда таныстырған комитеті береді: 

«Бұл антибиотиктер бактериялық жасушаға әсер етуі бойынша ерекшеленеді: бактерицидті түрі жасушаны бұзады, ал бактериостатикалығы бактериялардың өсуі мен көбеюін тоқтатады. Бактерицидті препараттарды қолданудың әсері жылдам болады…»

Антибиотиктер денсаулыққа зиян болғандықтан, эхинацея тұнбасы сияқты табиғи антибиотиктерді қолданған дұрыс

Үкім: Жалған

Қайтадан ҚР Денсаулық сақтау министрлігі түсіндіруде (жауап қысқартылып берілді – Авт.): 

«Антибиотиктерді орынды және қатаң бақылауда қолдану денсаулыққа зиян келтірмейді. Эхинацея тұнбасының бактерияға қарсы әсері жоқ».

Өзімізден қосарымыз, нарықта эхинацея тұнбалары өсімдік тектес иммунитетті ынталандыру құралы ретінде көрсетіледі.

Кезінде антибиотиктермен бірге қолданылған Нистатин ескірді. Енді ішек микрофлорасын сақтау үшін күштірек препараттар қажет

Үкім: Манипуляция

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме береді (жауап қысқартылған): 

«Қазіргі уақытта Нистатинді зеңді инфекциялардың алдын алу үшін микрофлораның бұзылуы кезінде (антибиотиктермен бірге) қолдануға ұсынылмайды… Алайда препарат зеңді инфекцияларды емдеу үшін бұрынғыдай қолданылады. 

Микрофлораның профилактикасы және оны емдеу үшін зеңге қарсы препараттар қолданылмайды. Себебі бұл әсер олардың көмегімен қол жеткізілмейді». 

Расымен, Нистатин әлі күнге дейін зеңге қарсы препарат ретінде қолданылады. Бұған жақында (2011 жылы) ДДСҰ шығарған «Негізгі дәрілік заттарды таңдау және пайдалану» есебі дәлел, 150 бет.

Антибиотиктерді қолданған кезде микрофлораның бұзылуынан кәдімгі айран сақтауы мүмкін

Үкім: Шындық

Ескере кететін бір жайт: Айран микрофлораны сақтағаннан бұрын, оны кейін қалпына келтіруге көмектеседі

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің түсініктемесі: 

«Айран құрамындағы пробиотиктің бактериялары (lactobacillus kefiri) антибиотиктер қабылдағаннан кейін ішек микрофлорасын қалпына келтіруге көмектеседі. Сонымен қатар пробиотиктер Salmonella, Helicobacter Pilori және Е. Coli сияқты зиян бактериялардың көбеюін тежейді».

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауабы пробиотиктердің ағзаға әсерін зерттеуге бағытталған ғылыми зерттеулермен және жануарлардың, сондай-ақ еріктілердің көмегімен жүргізілген эксперименталды дәлелдермен расталады. Тіпті, созылмалы жүрек-тамыр және метаболикалық аурулар кезінде айранның әсер ету механизмі тақырыбына арналған зерттеу жұмыстары да бар. Әрине, лактобактерияға қатысты клиникалық зерттеулердің нәтижелерімен де танысу маңызды.

Кейбір жағдайларда антибиотиктерді профилактика үшін қолдану қажет (өткен жылы Алматыда менингиттің өршуі кезіндегі сияқты)

Үкім: Шындық

Жоғарыда аталған ҚР Денсаулық сақтау министрлігі комитетінің жауабы (қысқартылған):

«Антибиотиктерді профилактика үшін өте сирек қолданылады, мысалы, тек эпидемия ошағында. Менингококкты инфекция жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде ауа арқылы беріледі. Инфекция көзі – ауру адамдар және «сау» тасымалдаушылар, яғни оларда аурудың клиникалық белгілері көрінбейді. Науқаспен байланыста болған және жұтқыншақта катаральды құбылысы бар адамдарға антибиотикопрофилактика жүргізеді».

Арзан антибиотиктер қымбат түрлеріне қарағанда әлдеқайда тиімсіз және сапасы төмен

Үкім: Жалған

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жауап береді: 

«Препараттарды, оның ішінде қайта өндірілген антибиотиктерді (арзан түрлерін) тіркеу кезінде түпнұсқалық препараттардың (көбіне қымбат тұратын) барлық сипаттамалары ескеріледі. Қымбат препарат арзан антибиотиктен жақсы деген мәлімдеме дұрыс емес».

Сондай-ақ оқыңыз: Екпе салдырмағандар шалдығуы мүмкін 10 ауру

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz