Шындық | Ералы Тоғжанов: Жаңаөзен тұрғындарының жалақысы орта есеппен 410 мың теңге

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов 22 қаңтар күні Тengrinews сайтына берген сұқбатында Жаңаөзен тұрғындары орташа есеппен 410 мың теңге жалақы алатынын айтты. Factcheck.kz Ералы Тоғжанов айтқан ақпараттың рас-өтірігін тексеріп шықты.   

Шындық | Ералы Тоғжанов: Жаңаөзен тұрғындарының жалақысы орта есеппен 410 мың теңге
Сурет: NUR.KZ

Үкім: Шындық

Маңғыстау облысы статистика департаментінің ресми сайтындағы деректерге сайкес, Жаңаөзен қаласының тұрғындары орта есеппен 410 395 теңге алады. Бірақ Жаңаөзендегі медианалық жалақының көлемі белгісіз.  

Маңғыстау облысының Еңбек және халықты жұмыспен қамту статистикасы басқармасына хабарласқан едік, департаментте медианалық жалақы есептелмейтінін айтты.   

Шындық | Ералы Тоғжанов: Жаңаөзен тұрғындарының жалақысы орта есеппен 410 мың теңге
Маңғыстау облысы статистика департаментінің ресми сайтындағы дерек

Контекст

Егер медианалық жалақы жайлы толығырақ білгіңіз келсе, осы мақаланы  оқуға кеңес береміз. 

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz