Қазақстан БҰҰ-да Ресей әскерін Украинадан шығаруға қарсы дауыс берді ме?

15 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясының 54-отырысы өтті. Онда адам құқықтарына қатысты бірқатар қарар ұсынылды. Бірнеше күннен кейін бірқатар медиа (1, 2, 3, 4) мен әлеуметтік желілерде (1, 2, 3, 4) Қазақстан «Украинадан Ресей әскерін шығаруға қарсы» / «басқыншылықты тоқтатып, тез арада Украинадан әскерді шығаруға қарсы» дауыс берді деген ақпарат тарады.

Factcheck.kz ұжымы шынында Қазақстан Украинадан РФ әскерін шығаруға қарсы дауыс берді ме және қарар не туралы деген сұраққа жауап іздеді.

Үкім: Шындық

«Уақытша басып алынған Қырым Автономиялық Республикасы мен Украинаның Севастополь қаласындағы адам құқықтары саласындағы ереже» деп аталатын қарар 2022 жылдың қарашасында енгізілді және бұл 2016 жылғы құжаттың жаңарған нұсқасы. Құжатқа шынында Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын дереу тоқтату және Украина аумағындағы әскерді оның халықаралық дәрежеде мойындалған шекараларынан шығару туралы талап қосылған. Қазақстан делегациясы БҰҰ Бас Ассамблеясында оның қабылдануына «қарсы» дауыс берді.

Толығырақ

Жалпы 2022 жылғы қарар жобасы бұрынғы жобаға негізделген, оны Қазақстан бұрын да қолдамаған. Дегенмен, Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін бірқатар елдің көзқарасы өзгерді. «Қарсы» дауыс бергендер саны 2021 жылмен салыстырғанда 20-дан 14-ке қысқарды. Оның ішінде, қарарды 2021 жылға дейін қолдамай келген Армения мен Қырғызстан бейтарап күйге өтті.

Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желі қолданушылары Қазақстан расында қарарға қарсы дауыс бергенін дәлелдейтін дауыс беру нәтижелерінің скриншотын (1, 2, 3) жариялағанымен, пікірлерден талас-тартыс пен сұрақтар туындағанын байқауға болады. Бірінші кезекте, медиа ресурстардың біразы «қарсы» дауыс бергендер қатарында Қазақстанды атамайды (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7). Кейбір медиа елдер тізімін мүлдем көрсетпесе, келесілері бір бөлігін ғана атап өткен. Тағы біреулері «қарсы» дауыс берген 13 елді ғана айтып, Қазақстанды жазбайды.

Бір қызығы, 2022 жылдың 24 ақпанында Ресей Украинаға басып кірген күннен бастап Қазақстан РФ әрекетіне қатысты кез келген мәселеде бейтарап бағытты ұстанған еді. Мәселен, 14 қарашада РФ-ның Украинаға келтірген залалын өтеуге қатысты қарарда; 12 қазанда — Украинаның Донецк, Запорожье, Луганск және Херсон облыстарының жекелеген аудандарының мәртебесі туралы шешімнің күшін жою мәселесі бойынша ҚР өзінің дауыс беру құқын пайдаланбады. 2 наурызда БҰҰ «Украинаға қарсы агрессия» туралы қарар қабылдап, дереу әскерді шығаруды талап еткенде де қазақстандық дипломаттар қалыс қалуды жөн көрді. Қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық мәселелерге келгенде бейтарап бағытты ұстану Қазақстан мүддесіне толығымен сай келетінін түсіндірді:

Қазақстан халықаралық ұйымдарда және бірінші кезекте БҰҰ-да дауыс беруде бейтарап бағытты ұстанады. Бұл біздің ұлттық мүддемізге сай.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Осындай мәлімдемелер мен бұған дейінгі дауыс беру кезіндегі Қазақстанның көзқарасынан соң желтоқсандағы отырыс қорытындысына бәрінің таңырқағаны ойға қонымды.

Қазақстан БҰҰ-да Ресей әскерін Украинадан шығаруға қарсы дауыс берді ме?
«Уақытша басып алынған Қырым Автономиялық Республикасы мен Украинаның Севастополь қаласындағы адам құқықтары саласындағы ереже» қарарын қабылдауға қатысты дауыс беру нәтижелері көрсетілген кесте. Отырыстың толық түпнұсқа видеосын мына жерден көруге болады.

Украинадан әскерді шығару туралы талап 2022 жылы қосылған жалғыз толықтыру емес. Мәселен, қарарда Украинаның Херсон және Запорожье облыстарын күштеп қосу үшін Ресейдің Қырым аумағын пайдалануы туралы айтылады. Сондай-ақ авторлар Ресей Федерациясының Украинаға қарсы агрессиясын ақтау мақсатында Украина мен украиналықтарға қарсы жек көру сезімін оятып (оның ішінде білім беру жүйесі арқылы), дезинформация тарататындарды айыптауға шақырды. Жалпы құжаттың басқа бөлігі – бұған дейінгі нұсқаның көшірмесі, онда кемсітушілік, депортация, заңсыз тұтқынға алу, сөз бостандығын шектеу және басып алынған Қырым мен Севастопольде болып жатқан басқа да құқық бұзушылықтар туралы айтылады.

Украинаның өзінде дауыс бергендер тізімі аса талқыланбады, дегенмен дипломаттардың шешімін Қазақстан азаматтары назардан тыс қалдырмады:

  • Қазақстан БҰҰ-да Ресей әскерін Украинадан шығаруға қарсы дауыс берді ме?
  • Қазақстан БҰҰ-да Ресей әскерін Украинадан шығаруға қарсы дауыс берді ме?
  • Қазақстан БҰҰ-да Ресей әскерін Украинадан шығаруға қарсы дауыс берді ме?
  • Қазақстан БҰҰ-да Ресей әскерін Украинадан шығаруға қарсы дауыс берді ме?
  • Қазақстан БҰҰ-да Ресей әскерін Украинадан шығаруға қарсы дауыс берді ме?

Бұл жағдайды халық қалаулылары түсіндіруге тырысты. Мәжіліс депутаты Айдос Сарым елдің басқа таңдауы жоқ десе, Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров «Қазақстан мәселенің тезірек шешілгенін қалайтынын» айтты, бірақ мұнда әңгіме көбіне күрделі экономикалық жағдай туралы болды.

Контекст

Қазақстан Қырымға қатысты көзқарасы үшін бірінші рет қиын жағдайда қалып тұрған жоқ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құжаттамасы үш жыл бойы Украинаның аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігіне қол сұқты деп айыпталған тұлғалар енгізілетін әйгілі украиналық «Миротворецъ» орталығының базасында болды.

Қазақстан БҰҰ-да Ресей әскерін Украинадан шығаруға қарсы дауыс берді ме?

Қазақстан президенті ол жерге 2019 жылдың 4 желтоқсанында Deutsche Welle-ге берген сұхбатының салдарынан енгізілген. Тоқаев онда Қырымға қатысты «аннексия» сөзінің қолданылуына пікір білдірді:

Біріншіден, біз Қырымда болған жағдайды аннексия деп атамаймыз. Болған іс – болды. Аннексия – Қырымға қатысты қолданылатын тым ауыр сөз.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Бір қызығы, «Миротворецъ» модераторлары кейін сайттан Тоқаевтың есімін өшіріп тастады. Бас Ассамблеядағы дауыс беру нәтижесін ескерсек, президент ол тізімге қайта енуі әбден мүмкін.

Тағы бір ірі жанжал 2015 жылы болды. Қазақстанның мектеп оқулықтарында Қырым РФ меншігі деп көрсетілген. Оқулық редакторлары мен авторлары «референдум» болса, мойындалған немесе мойындалмағанына қарамастан ол туралы айту керек деп есептеген. Кейінірек Қазақстандағы Украина елшілігінің сайтында жанжал шешілді және оқулықтардағы мәлімет түзетілді деген ақпарат жарияланды.

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz