БАҚ-та (1, 2, 3, 4) қазақстандықтардың цифрлық сауаты жылдан-жылға артып келе жатқанына қатысты ақпарат тарады. Статистикалық деректермен берілген ақпаратқа сенсек, 2023 жылы елдегі цифрлық сауат көрсеткіші 90%-ке жеткен.
Factcheck.kz оқырман өтініші бойынша ақпаратттың қаншалықты шындыққа жанасатынын тексеріп көрді.
Мәлімдеме: Қазақстанда онлайн қызметтердің танымал болуы кездейсоқ емес. Жылдан жылға цифрлық сауат деңгейінің артып келе жатқанын байқаймыз. Осылайша, 2023 жылы 6-74 жас аралығындағы халық арасында рекордтық 90,2%-ке көрсеткішке жетті.
БАҚ-та тараған ақпарат
Үкім: Дәлелденбеген
Ресми дереккөздер цифрлық сауаттың расымен өсіп келе жатқанын жазады. Осылайша, ұлттық статистика бюросының дерегіне сай, 2023 жылы 6-74 жастағы тұрғындардың цифрлық сауат деңгейі 90,2%-ке жеткен. Дегенмен, бюро цифрлық сауат деп нені меңзейтінін дұрыс түсінуіміз керек. Мысалы, дәл сол жас аралығындағылардың 94,7%-і интернет пайдаланады. Демек, бюро интернет пайдаланушылардың барлығын дерлік цифрлық сауаты бар деп есептейді.
Бюроның өзі цифрлық сауат деп келесіні меңзейтінін жазады: бұл дербес компьютер, смартфон, планшет, ноутбук; стандартты бағдарламалар; Интернет желісі арқылы көрсетілетін қызметтер және сервистерді пайдалану дағдысын меңгерген пайдаланушылар үлесі.
Ұлттық статистика бюросындағы жоғары көрсеткіштерге қарамастан, халықаралық стандарттар бойынша Қазақсатнадағы цифрлық сауаттың шынайы деңгейі төмен болуы мүмкін.
Айтқанымыздай, ұлттық статистика бюросының методологиясына сай, интернет пайдаланушылардың барлығы дерлік цифрлық сауатты ретінде есептеген. Алайда халықаралық стандарттарға сай, цифрлық сауат тек интернетті қолдану ғана емес, күрделі дағдыларды, ақпаратты талдау, цифрлық құралдармен жұмыс істеу сияқты қабілеттерді де қамтиды.
Мәселен, UNESCO және БҰҰ ұйымдары цифрлық сауатты гаджеттерді қолдана алу қабілеттінен бөлек, ақпаратпен жұмыс істеу және медиа сауттың болуымен бағалайды.
Цифрлық сауат– бұл жұмысқа орналасу, лайықты жұмыс орындарын табу және цифрлық технологиялар арқылы ақпаратқа қауіпсіз әрі тиімді қол жеткізу, оны басқару, түсіну, біріктіру, қарым-қатынас орнату, бағалау және жаңа өнімдер жасау қабілеті. Бұл ұғымға компьютерлік сауат, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) сауаты, ақпараттық сауат және медиа сауат кіреді.
UNESCO және БҰҰ анықтамасы
Айтқанымыздай-ақ Қазақстандағы цифрлық сауат халықаралық стандарттар бойынша жоғары деңгейде емес. UNESCO-ның 2024 жыл бойынша жариялаған есебі Қазақстанда цифрлық сауаттың базалық қабілеттерін меңгерген жастар мен ересектердің үлесі бар болғаны 16% болғанын көрсетеді. Әсіресе Қазақстанда егде жастағы азаматтардың цифрлық сауаты төмен. 2017 жылы бойынша деректерге сай, цифрлық сауаттың базалық қабілеттерін меңгерген егде жастағылардың үлесі 8% болса, цифрлық сауатты жастардың үлесі 18% болған.
Ал Ұлттық статистика бюросы кейінгі жылдары қазақстандықтардың цифрлық сауат деңгейі артып келе жатқанын жазады. 2023 жыл бойынша өңірлік бөліністе цифрлық сауатты тұрғындар үлесі Астана (97%) мен Алматыда (95,5%) жоғары. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстанда (82,6%).
Контекст
Дүниежүзілік банктың цифрлық даму бойынша 2023 жылы жариялаған есебіне сай, Қазақстанда интернет қолданатын ересектер үлесі — 92%. Оған қоса, тұрғындардың 85%-і 4g+ мобильді интернетімен қамтылған.
Есепте пандемиядан кейін табысы орташа бірнеше мемлекеттің IT қызмет көрсету саласы бойынша экспорт көлемі артқаны айтылады. Ол мемлекеттер қатарында; Қазақстан, Албания, Армения, Грузия, Молдова және Черногория мемлекеттері бар. Қазақстанда 2019-2022 жылдар аралығында IT саласы бойынша қызмет көрсету экспорты шамамен 130%-ке дейін өскен.
Контекст
Дүниежүзілік банктың цифрлық даму бойынша 2023 жылы жариялаған есебіне сай, Қазақстанда интернет қолданатын ересектер үлесі — 92%. Оған қоса, тұрғындардың 85%-і 4g+ мобильді интернетімен қамтылған.
Есепте пандемиядан кейін табысы орташа бірнеше мемлекеттің IT қызмет көрсету саласы бойынша экспорт көлемі артқаны айтылады. Ол мемлекеттер қатарында; Қазақстан, Албания, Армения, Грузия, Молдова және Черногория мемлекеттері бар. Қазақстанда 2019-2022 жылдар аралығында IT саласы бойынша қызмет көрсету экспорты шамамен 130%-ке дейін өскен.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.