Фактчек: Жақып Асанов соттағы жағдай және адам өлтіру қылмысы жайында

Ақпанның 14-і Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға өзгертулер мен толықтырулар жайында сенатта сөз сөйледі. Жоғарғы сот төрағасының айтуы бойынша, Doing Business Дүниежүзілік банкінің рейтингіне сәйкес сотта қолайлы жағдай жасау бойынша Қазақстан 4-орында. Сонымен қатар, өткен ғасырдың 80-інші жылдары 100 қазақстандыққа 10 қасақана адам өлтіру тіркелсе, бүгінде бұл көрсеткіш 5 қылмысқа дейін қысқарған. Бұл мәлімет түрлі БАҚ-тарда жарияланған болатын.

Мысалы:

Доступ к правосудию

Немесе:

Доступ к правосудию

Мәлімдеме: Doing Business  Дүниежүзілік банкінің рейтингіне сәйкес сотта қолайлы жағдай жасау бойынша Қазақстан 4-орында.

Үкім: Жартылай шындық

// АПДЕЙТ 19.03.2019: Үкім «Манипуляциядан» «Жартылай шындыққа» өзгертілді. Мәлімдеменің мағынасын контексте ашу барысында дерекпен манипуляция жасалды деп айтуға негіз жоқ. //

Қазақстан расында да Doing Business рейтінгінде 4-орында. Алайда, бұл соттарда коммерциялық дауларды реттеу сапасын көрсететін «Келісімдердің орындалуын қамтамасыз ету» индикаторы. Басқа көрсеткіштерге мән берейік.

DB-2019 рейтінгінде Қазақстан 100 балдан 77,89 көрсеткішімен 190 елдің ішінде 28-орында. Мемлекеттердің профайлын мына сілтемеден көре аласыз. Негізінде рейтинг 11 түрлі индикатордан құралады:

Доступ к правосудию

Көрсеткіштердің бірі ағылшын тілінен «Келісімдердің орындалуын қамтамасыз ету» болып аударылады. Бұл индикатор соттағы коммерциялық даулардың ұзақтығы, сапасы және бағасын көрсетеді.

Доступ к правосудию

Шынымен де, бұл индикатор келесідей белгілер бойынша анықталады: дауларды шешудің балама жолдары, кейс-менеджмент, сот істерін автоматтандыру, соттың құрылымы мен жұмыс істеу тәртібі. Осылайша, Қазақстандағы соттардың заманауи техникалық қамтамасыздандырылуы және құрылымдық тәсілдемесі жайлы сөз қозғауға болады.  

DB рейтінгі әділеттілікке қолжетімділік мәселесінен бұрын, сот жүйесінің техникалық жағын бағалайды. Яғни, коммерциялық келісімшарт пен коммерциялық сипаттағы дауларды шешу қаншалықты ыңғайлы және сапалы жүргізілгенін анықтайды.

Дүниежүзілік әділеттілік жобасы индексі бойынша Қазақстан 126 мемлекеттің ішінде 65-орында. Бұл индекс 7 көрсеткіштен тұрады. Мысалы, азаматтық әділеттілік бойынша Қазақстан 44-орында болса, қылмыстық істер бойынша әділеттілік жүйесі көрсеткішінде 69-орында. Қазақстанның профайлын мына сайтта толық оқи аласыз. Шығыс Еуропа-Орталық Азия өңірінде Қазақстан 4-орында екенін айта кеткен жөн. Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан әлемдік рейтінгіде 2 сатыға жоғары көтерілді.

Доступ к правосудию

Мына жерде әлеуметтік зерттеулер мен сауалнамаларға негізделген әділеттілікке қолжетімділік (Access to Justice) жайлы баяндамамен таныса аласыз. Қазақстанға қатысты мәлімет мына жерде жазылған.

Мәлімдеме: Өткен ғасырдың 80-інші жылдары 100 қазақстандыққа 10 қасақана адам өлтіру тіркелсе, бүгінде бұл көрсеткіш 5 қылмысқа дейін қысқарған.

Үкім: Шындық, бірақ түсіндірмені қажет етеді.

2018 жылы қасақана адам өлтіру көрсеткіші (99-бап, бұрын 96-бап) бойынша 100 адамға шаққанда орта есеппен 5 қылмыстан аспады (дәлірек айтсақ 4,46). Алайда, 10 жыл бұрын, 2008 жылы бұл көрсеткішке 100 адамға шаққанда 10 қылмысқа тең еді.  

Түсінікті болу үшін кестеге қараңыз:

Доступ к правосудиюҚасақана адам өлтіру жайлы барлық ақпарат Қазақстан Республикасының бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің сайтынан алынды. Халық саны жайлы ақпарат ҚР ҰЭМ статистика комитетінің Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері құжатынан алынды. Көрсеткішті есептеу формуласын еске салайық: К = Қ х 100 000 / Х. Бұл жерде  К – қылмыс коэффиценті, Қ – қылмыс саны(бұл жағдайда 99-бап) және Х – халық саны.

Доступ к правосудию

Ескертпе: кеңес одағы кезеңіндегі көрсеткішті шетке ысырып, 10 жыл бұрынғы көрсеткішке мән берейік. 2009 жылы Қазақстанда адам өлтіру қылмысы бойынша индикатор 10 болды.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz