Цифрлық іркіліс кезінде Үндістаннан қандай сабақ аламыз?

Цифрлық технология үкіметтердің өз азаматтарына білім және денсаулық сияқты қызмет түрлерін көрсету ерекшелігін жылдам өзгерте алады. Болашақтың мемлекеттік қызметі тиімді, ыңғайлы, әділ, датаға негізделген әрі адамдардың қажеттігіне бейімделгіш болуы тиіс. Бұл көзқарасты шындыққа айналдыру үшін дайындықты бастауымыз керек.

Ақылмен ұйымдастырылса, дата барлық адамға сапалы денсаулық сақтау және білім беру қызметтерін жылдам, кең ауқымда әрі тұрақты түрде көрсетуге мүмкіндік береді, әрі әлеуметтік-экономикалық инклюзивтілікке жол ашады. Осы тамаша мүмкіндіктермен қоса, мемлекеттер цифрлық революцияның тәуекелдерін де ескеруі тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, Үндістанның дата мен технологияны қолдану тәжірибесі басқа дамушы елдерге төрт түрлі сабақ береді.

Біріншіден, масштаб жобаға соңынан емес, әу бастан енгізілуі керек. Үндістанда біз бір миллион қоғамдық денсаулық сақтау қызметкерлерінің ауылдық жерде медициналық қызмет көрсетуіне қалай көмектесуді, жақсы жұмыс іздеп жүрген 100 миллион жас маманның білігін қалай арттыруды ойластыруымыз қажет. Әлем де дүниежүзіндегі 20 миллион сәбиге қалай қауіпсіз, жоғары сапалы екпе жасаймыз, мектепке бармаған 260 миллион бала мен жасөспірімге қалай білім береміз деп ойлануы керек.

Екіншіден, үкіметтер соңғы жарқыраған инновацияның орнына, тұрақты жетістікке қол жеткізетін негізгі цифрлық инфрақұрылым орнатуға ұмтылуы керек. Көбіне дамушы елдер жаңа технологияның соңына еріп, “барлық оқушыға планшет береміз!” деп науқаншылап кетеді, ол технологияның ұлттық контекстіде қалай, қандай мақсатқа қолданылатынына мән бермейді. Бұл талай жобаның кең ауқымда тұрақты нәтиже бере алмай, құрдымға кетуіне себеп болды.

Оксфорд Блаватник басқару институтының Технология және инклюзив даму жөніндегі Pathways for Prosperity Commission комиссиясының жаңа есебінде мемлекеттерге бұл проблемады шешу жолдарын ұсынған. Есепте оларға технологияның білім беру мен денсаулық сақтау қызметтеріне кері әсерін азайту үшін “цифрлық кірпіштер қалауға” (оған негізгі инфрақұрылым мен дағдылар кіреді) кеңес береді. Оған қоса, үкіметтер технологиялық шешімдер кең ауқымда жүргізілетін “цифрлық сатыларды” да ұмытпау керек.

Үндістан жаңа цифрлық инфрақұрылымды әдейі қоғамның игілігіне айналдыру арқылы бұл тұрғыда көш бостады. Мәселен, Үндістанның биометрлік Aadhaar биометрикалық тұлғаны анықтау жүйесі заманауи технологияның миллиардтан астам халқы бар дамушы елдегі адамның түр-келбетін анықтаудың қоғамдық мәселесін қалай шешетінін көрсетті. 1,2 миллиард адам қолданған Aadhaar қазір әлеуметтік инновация платформасына айналды, сөйтіп Үндістандағы түрлі салалардағы әртүрлі бастамаларда негізгі құралға айналып, саналуан мәселені шешудің жаңа жолдарын ұсына бастады.

Мәселен, Aadhaar-ды қолдану үкіметтің түрлі жәрдем құралдарын асыра пайдаланудың алдын алады, айталық, аса пісіретін газға берілетін жәрдемақыны әр адамның белгілі бір кезеңде бір рет қана алуын қадағалайды. Оның үстіне, Aadhaar жаңа төлқұжат алу, банктен есепшот ашу, жедел әрі ыңғайлы түрде несие алу мақсатында адамның жеке басын анықтау құралы ретінде де пайдаланылады.

Сол сияқты, біз Робини Милекани және Шанкар Марувадамен бірлесіп құрған EkStep атты коммерциялық емес бастама үйренушіге бағытталған, технологияға негізделген әлеуметтік платформа рөлін атқарады, ол Үндістандағы 200 миллион баланың жазу және есеп сатуатын арттыруға бағытталған. Кең ауқымда ықплал ету үшін EkStep бөлек-бөлек инновацияларды біріктіріп, білім беру экожүйесіндегі басты акторларды коллаборация және бірлесе жұмыс істеу арқылы(мемлекеттік, жекеменшік және қоғамдық) біріктірді. Бұл ашық әрі тегін цифрлық инфрақұрылым сыныпта қолданатын ресурстар, оқыту және үйрету контенті, бағалауда көмек көрсету, мұғалімдерді тіркеу, ынталандыру және үйрену қауымдастықтары сияқты біршама шешімдер ұсынады.

Үшіншіден, үкіметтер мәліметтерді жинап, қолданудан туындайтын тәуекелдерді болжам, тиімді түрде басқарып отыруы тиіс. Алғашқы қадам ретінде үнді үкіметі электрондық келісім беру құралын ұсынды, ол азаматтардың өз мәліметтерін түсініп, оны белгілі бір мақсатқа пайдалануына рұқсат беруіне жол ашады.

Алайда, келісім берумен қоса, бізге қолданушының бәсекеге түсуге тырыспайтын, мәліметтерді басқару институттары керек. Мәселен, Үндістан Резерв банкінің жақсы ұйымдастырылған есепшоттарды цифрлық агрегаттау жүйесі ықтимал қарыз беруші қарыз алушының белгілі бір мәліметті белгілі бір уақыт аралағында, белгілі бір мақсатта ашып көруге рұқсат беруінің арқасында оның қаржылай активтерін цифрлық тұрғыда тексере алады. Кең ауқымдағы қаржылық инклюзивтілікке жету үшін үкіметтегі, жеке сектордағы және азаматтық қоғамдағы басты акторлар тез арада азаматтардың өз мәліметтерін қайта қолына алуына мүмкіндік беретін стандарттарды, ережелер мен институттарды қалыптастыруы тиіс.

Төртіншіден, сатылы эфолюциялық әдіс ауқымды әрі кешенді қоғамдық мәселелерді шеше алмайды. Көбіне ұйымдар Үндістанның ауылдық жерінде денсаулық сақтауға жұрттың көбірек қатысуы сияқты қоғамдық мәселелердің бір ғана шешімі бар, ол үшін тек жұмысты жалғастыра беру керек деп ойлайды. Бір ғана керемет шешімді іздегеннің орнына мемлекеттер жүздеген түрлі мәселенің мыңдаған түрлі шешімін бірлесіп ұсынатын ынталы инноваторларды күшейтетін, өзара байланысты желілерді дамытатын цифрлық инфрақұрылым қалыптастыруы тиіс. Жаңа, сенімді бункерлердің орнына бізге ашық та батыл инновациялық орта керек.

Жаңа технология, институттар мен ережелер білім беру мен денсаулық сақтауды қайта құрып, адам капиталын қалыптастырып, жастарды ертеңнің жұмыс орындарына дайынай алады. Расын айтқанда, Үндістан бұл жолда әлі көп жұмыс істеуі керек. Бірақ оның осыған дейінгі жетістігі басқа дамушы елдердің батыл әрі инклюзивті цифрлық амбицияларына қол жеткізуге шабыттандырады деп үміттенеміз.

Цифрлық іркіліс кезінде Үндістаннан қандай сабақ аламыз?Наддан Нилекани – EkStep қорының және Infosys Ltd төрағасы әрі Үндістанның Адамның жеке тұлғасын анықтау басқармасының (Aadhaar) негізін қалаған төрағасы.

Copyright: Project Syndicate, 2019.
www.project-syndicate.org

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz