Профайлинг: Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова

Президенттікке үміткерлер секілді, жаңа министрлер туралы да көптеген азаматтар ешқандай мәлімет білмейді. Сол себепті біз «Министрометр» айдарының жұмысын жаңартып, профайлинг үлгісінде беруді жөн көрдік. Бүгін оқырмандарымызды Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен таныстырамыз (Барлық мәліметтер ашық дереккөздерден алынды).

Қысқаша

Ақтоты Райымқұлова (55 жаста) – мойындалған шығармашылық қайраткер, Ғазиза Жұбанованың шәкірті (мына жерде шығармашылығы туралы толығырақ). Мәдениет министрлігіндегі мемлекеттік қызметке тек 2013 жылы келген, оған дейін ұстаздық қызмет атқарып, оқу орындарында әкімшілік жұмыс істеген.

Отбасы

Ақтоты шығармашылық интеллигенция өкілдерінің отбасында дүниеге келді. Ол Зейін Шашкиннің жиен немересі, әкесі – жазушы Рахметолла Райымқұлов, анасы – мәдениет қайраткері, кезінде Қазақ Совет Энциклопедиясының редакторының орынбасары болған – Макиза Райымқұлова-Шашкина. Comode порталы сипаттағандай «Ақбота Рахметоллақызы – сүйікті жар және қамқор ана».

Шығармашылығы туралы…

Министрдің биографиясын зерттей отырып шығармашылық Райымқұлованың өмірінде мемлекеттік қызметтен де көбірек орын алатынын байқауға болады. Еңбек өтілі 1988 жылы басталған, ал қазіргі министр  мемлекеттік қызметке тек 2013 жылы келген. Оған қоса Райымқұлова бала кезінің өзінде-ақ (5 жасында) музыкалық қабілеттерін байқатқан. Мына жерде жазылған мәліметке сенсек, оның 11 жасында жазған «Чили будет свободным» әні бүлдіршінді бүкіл одаққа танымал етті.

Сазгерлік өнер мен фортепианодан болашақ министрдің ұстаздары Ғазиза Жұбанова мен Жәния Әубәкірова болды. Райымқұлова Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын «композиция» және «фортепиано» мамандықтары бойынша (1987 ж.), аспирантураны «композиция» мамандығы бойынша бітірген. Жалпы Райымқұлова дарынды сазгер, кино мен спектакльдерге арналған музыканың авторы, ғылыми еңбектер мен музыка саласындағы жариялымдардың авторы ретінде танымал.

Сонымен қатар оның MBA (арт-менеджмент) және DBA дәрежесі бар (әлеуметтік-мәдени саланың жобаларды басқару саласындағы диссертация, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы халық шаруашылығы халықаралық бизнес академиясы, 2010). Спорт саласындағы жобаларды басқару тәжірибесі туралы ешқандай мәлімет жоқ.

Тәжірибесі

  • 1988 жылдан 2013 жылға дейін Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында жұмыс істеген, біраз уақыт Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде сабақ берген. Консерваторияда, штамп үшін кешіріңіздер, концертмейстерден проректорға дейінгі жолды жүріп өткен.
  • 2013—2014 жж. — Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мәдениет және өнер істері комитетінің басшысы.
  • 2014—2016 гг. — Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры.
  • 2016 г. -2019 г. — Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрі.
  • 2019 жылдың 17 маусымынан — Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі. kz, zakon.kz, kapital.kz материалдары бойынша.

Еңбек биографиясынан білгеніміз, мәдениет және спорт министріне дейін Ақтоты Райымқұлова әкімшілік жұмыспен Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында проректор ретінде айналысқан.

Заң шығарушылық қызметі

Сұхбаттарды негізге алсақ, Райымқұлова 2018 жылдың желтоқсанында қабылданған «Кинематография туралы» заң жобасының пайда болуына негіз болды.

Басқа қызметтері

Сонымен қатар, ол ҚР Үкіметінің «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иелерін анықтайтын Комиссияның жұмысына қатысты және Еуразиялық экономикалық одақ аясында нарық қызметтерін бірыңғай жүйеге келтіруді қамтамасыз ететін жұмыс тобының құрамында болды.

Ұрансөзі

 «Оқығаннан кейін мен тіпті шығармашылыққа да басқаша қарайтын болдым (менеджментті – Авт.). Уақытымды басқаша ұйымдастырамын, «солай істегім келді» деп істей салмай, оқиғаның барысына басымдылық беретін болдым. Тіпті бизнес-процесс емес, өмірілік процестерде де. Өйткені менің әлі музыка жазғым келеді». («Караван» газетіне берген сұхбатынан, орысшадан аударылды).

Мәжілісмен Айгүл Нұркинаның Министрліктің «келесі жылға» арналған шығындарының арту себебі туралы сұрағына жауап. Сұрақ 2017 жылдың қазанында қойылды:

«Шығынның артуына 2017 жылы бюджеті 635 миллион теңгені құрайтын «Қазақ Туризм» Ұлттық компаниясының құрылуы себеп болды. Жобалық басқару аясында жұмыс орындарын 417 мыңға дейін көбейтуді жоспарлап отырмыз, биыл 350 жұмыс орны бар. Биыл және алдағы жылдарда  BBC WorldNews веб-порталында алға шығарғымыз келеді, оған 124 миллион теңге кетеді… ал туристерге келетін болсақ, 30 пайызға арттыруды жоспарлап отырмыз» (орыс тілінен аударылды).

Аудармалар туралы қызықты мәлімет

2016 жылы Райымқұлова қазақ тілінде 27 мыңға жуық жаңа термин пайда болады деп сендірген. Оның министр ретінде көпшілік талқысына түскен алғашқы мәлімдемесінің бірі  де жаңа сөздерге, нақытырақ айтсақ, олардың қайта бекітілуіне қатысты:

«Өткен жылы 3 300-ден аса жиі қолданылатын терминдер мен ұғымдар қайта қаралып, бекітілді. Олардың ішінде 300-ге жуығы халықаралық терминдер» (орыс тілінен аударылды).

Аффилирленгендігі

Kompra.kz порталының ақпаратына сенсек, 12-04-2019 жылғы Қаржылық есеп депозитариінің есебіне сәйкес Ақтоты Райымқұлова ҚАЗАҚ ӘУЕНДЕРІ АҚ және ШӘКЕН АЙМАНОВ АТЫНДАҒЫ «ҚАЗАҚФИЛЬМ» АҚ-мен аффилирленген тұлғалар тізімінде.

Профайлинг: Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова

30-05-2019 жылғы қаржылық есеп депозитариінің есебіне сәйкес ол «ШӘКЕН АЙМАНОВ АТЫНДАҒЫ «ҚАЗАҚФИЛЬМ» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

Профайлинг: Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова

Физикалық тұлға ретінде мына заңды тұлғаларға қатысады: «Қазақ композиторлар қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігі мен «Союз композиторов» Қоғамдық бірлестігі.

Профайлинг: Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова

Кіммен және қалай байланысқан?

Профайлинг: Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова

Схема министрдің әртүрлі қоғамдық бірлестіктер мен қорлар (негізінен), шығармашылық бағыттағы коммерциялық емес мекемелермен байланысын көрсетті. «Раимкулова А.Р» ЖК-гі 2009 жылы тіркеліп 2014 жылы жабылған.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz