Ерхат Есқалиев деген кім?

Қоғам белсенділері дәрі-дәрмектің бірыңғай операторының қоймалары бос еместігін және ауруханаларда дәрі жетіспейтінін анықтады. Сондай-ақ дәріханаларда Катардан келген гуманитарлық көмектің сатылып жатқаны туралы ақпарат та пайда болды. Осындай шудан кейін «СҚ-Фармация» ЖШС-нің жаңа төрағасы болып Ерхат Есқалиев тағайындалды. Мекеменің бұрынғы басшысы Берік Шәріп президент нұсқауы бойынша қызметінен босатылды. Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы күресте туындаған қиындықтарға қатысы бар барлық жауапты адамды анықтап, тергеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Естеріңізге сала кетейік, ӘМСҚ басшысы Айбатыр Жұмағұлов та қызметінен кетті. Дәрі-дәрмектерді әдейі жасырды деген айыпқа қатысты «СҚ-Фармация» арнайы мәлімдеме жасаса, Катардан келген гуманитарлық көмек туралы Бюрабекова түсініктеме берді.

Контекст

ТМККК аясында халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша бірыңғай жеткізуші және бюджет есебінен медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы «СҚ Фармация» – негізі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның өнімі. 2013 жылы оның 100% қатысу үлесі республикалық меншікке, атап айтқанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне берілді. Бұл компанияның сыбайлас жемқорлыққа қатысты бірнеше дау-дамайға байланысы болғанын да еске сала кетейік, оған тіпті жеке материал да арнауға болады. Алайда әзірге жаңа басшы Есқалиев мырзамен танысайық.

Жалпы ақпарат

Ерхат Есқалиевтің өмірбаяны мен еңбек өтілі, сондай-ақ қызмет еткен салалары өте қызық (IT-стартапқа дейін бар). Ол өзін мемлекеттік қызметте де, ірі қазақстандық квазимемлекеттік компанияларда да, бірқатар акционерлік қоғамда да көрсете білді. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің жетекші маманы болып бастаған Есқалиев 2003 жылы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарушы директоры, ал 2009 жылы сол кездегі Индустрия және сауда министрлігінің вице-министрі болды. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-та да, «Атамекен» ҰКП-да да жұмыс істеген.

Ол «СҚ-Фармация» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі де болды. Еңбек өтіліне қарағанда, көліктік логистика саласында тәжірибесі мол. Жылжымайтын мүлік бизнесімен де айналысады. Ол жеке тұлға ретінде де сот арқылы қарызды өндіріп алу бойынша сәтті тәжірибесі бар. Есқалиев туралы БАҚ-та теріс немесе жағымсыз ақпарат жоқ. «СҚ-Фармацияның» жаңа басшысы қазақстандық өлшем бойынша шенеунік, басқарушы және бизнесмен ретінде көп табысқа жете білді деп айтуға болады. Мұндай көп жетістікке жеткен адамның баратын бір ғана жол қалады, ол – саясат.

Жақын туыс ретінде көптеген АҚ-мен байланысы бар. Үйленген, үш баланы тәрбилеп отыр, «Нұр Отанның» мүшесі. Facebook-те ресми парақшасы, ал Youtube-та арнасы бар, бірақ оны баяғыдан жүргізбейтін сияқты. Оның Instagram-нан алынған суреті жарияланғаннан кейін ол парақша да жабылды.

Цитата: Енді жалпы жүйеге баға беріп, қорытынды шығарсақ, біздің Қазақстанда өнеркәсіптегі, ғылымдағы, технологиядағы, инновациядағы, экспорттағы, мемлекеттік басқарудағы және кәсіпкерліктегі барлық сәтсіз нәтижелердің салдары – біздің кадрлар, яғни қазіргі жастар мен бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан мамандар. Бұл ресурс балабақшадан бастап университетке дейін жай ғана түзетулерді емес, түбегейлі реформаларды талап етеді. Автордың стилі сақталған.

Цитата: Алға қойылған міндет оңай емес. Мен сияқты бизнес-менеджер үшін бұл қиын сынақ. Бұл бір жағынан күтпеген жағдай болды, себебі менің ойымша, мұндай лауазымға келу оңай емес. Екінші жағынан бұған өмір бойы дайын болған сияқтымын. Біз қысқа мерзімде «жылдам жеңістер» деп аталатын бірқатар кешенді шара әзірледік, олар сәл де болса, әсер ете бастады. Мен осы уақытқа дейін шыдап келген барлық адамнан кешірім сұраймын. Мүмкін «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшылығы кей мәселелерді дұрыс бақылай алмаған болар, кей тұстарды біз байқамай қалдық… Жүйенің өз сондай еді, онда жылдам әрекет етуге жоспар болған жоқ… Тауар позициясы әр жарты сағат сайын өзгеріп тұрады… Әрине, оңай емес.

Есқалиевтің сөзінше, ол қарапайым отбасынан шыққан: «Менің анам – фармацевт, 49 жылдық тәжірибесі бар, аурухана меңгерушісі болып жұмыс істеген, әкем – құрылыс бригадирі».

Білімі

Ғылыми дәрежесі: MBA, экономика ғылымдарының кандидаты, іскерлік әкімшілік докторы (DBA).

Тәмамдаған оқу орындары:

  • Ағайынды Карич университетінің Банк ісі және сауда академиясы (Югославия, 1998)
  • «Әділет» құқықтық жоғары мектебі (2003, сырттай оқу);
  • Халықаралық бизнес Академиясы (ХБА) (2007-2009);
  • Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, Алматы (2007-2009); (2014) экономика ғылымдарының кандидаты, «Қаржы, ақша айналымы және несие»;
  • European University Business School / International Business School (Астана, Монтро 2012-2015);
  • Халықаралық «Doctorate in Business Administration» бағдарламасы (Мюнхен)

Еңбек өтілі:

  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің жетекші маманы (1998-1999);
  • Атырау облысы экономика басқармасының бас маманы, бастығының орынбасары, қаржы басқармасы бастығының орынбасары (1999-2001);
  • Мемлекеттік кіріс министрлігінің Қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің директоры (01.2002-04.2002);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік борыш және кредит беру департаменті директорының орынбасары (2002-2003);
  • «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ Инвестициялық саясат және жобалық қаржыландыру департаментінің директоры (05.2003-10.2003);
  • «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарушы директоры (10.2003–05.2006);
  • «ҚДБ-Лизинг» АҚ Басқарма Төрағасы (05.2006–03.2008);
  • «Қазтеміртранс» АҚ президенті (04.2008–07.2009);
  • Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі (09.07.2009–31.03.2010);
  • «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президентінің кеңесшісі (06.2010–06.2011);
  • «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Логистика жөніндегі вице-президенті (09.06.2011–01.2013);
  • «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президентінің кеңесшісі (01.2013);
  • ҚР Ұлттық палата бас директоры, президиум мүшесі, көлік, логистика және байланыс комитетінің мүшесі (2013-2015));
  • «Біріккен көлік-логистика компаниясы» ААҚ бірінші вице-президенті (2015);
  • «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Көлік және Логистика» салалық дирекциясының директоры (2016-2018);
  • Ұлттық кәсіпкерлер палатасының көліктік логистика жөніндегі ішкі комитетінің төрағасы (05.2018–07.2020);
  • «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы (10.07.2020 бастап).

Өзге де лауазымдары:

  • «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (19.08.2009);
  • «Батыс» ӘКК» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «ҚазАгро» «Ұлттық холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2009-2010);
  • «Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы»;
  • «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» Басқармасының мүшесі;
  • Қазақстанның тәуелсіз директорлар қауымдастығының мүшесі (KIDA);
  • «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ ДК жанындағы Стратегия комитетінің мүшесі;
  • «Атамекен Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы төрағасының штаттан тыс кеңесшісі;
  • «Каспий» ӘКК» АҚ, «Жетісу» ӘКК» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы;
  • «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
  • «Қазагромаркетинг» АҚ, «Казтранссервис» АҚ Тәуелсіз директор ретінде Директорлар кеңесінің мүшесі;
  • «БатысТранзит» АҚ, Ұлттық медициналық холдингтің «Жедел жәрдем ғылыми орталығы» АҚ Тәуелсіз директоры ретінде Директорлар кеңесінің мүшесі;
  • «Атамекен» ҰКП Көлік логистикасы бойынша ішкі комитетінің төрағасы, «СҚ-Фармация» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі. Zakon.kz сайтының ақпараты бойынша. Сондай-ақ Есқалиевтің Facebook-тегі парақшасында оның Ақтөбе халықаралық әуежайының және басқа да компаниялардың директорлар кеңесінің мүшесі екені жазылған.

Қандай заңды тұлғаларға қатысы бар?

Kompra.kz ақпаратына сәйкес, Есқалиев «СҚ-Фармация» ЖШС-дан бөлек басқа 3 заңды тұлғаға қатысы бар. Олар: Е.С. Идрисовпен бірге бірінші басшы және құрылтайшы ретінде «Mining Technologies Company» ЖШС, құрылтайшы ретінде «Rent property» ЖШС және жетекші ретінде Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мердігерлер қауымдастығы.

Тендер + ақпараты бойынша, ол бір кездері мемлекеттік сатып алу порталында тіркелген «Спецзаказ» ЖШС-ны басқарған (салық бойынша берешегі: 209 481,72 теңге). Алайда біз бұл кәсіпорынның тендерлерге қатысу нәтижелері туралы ақпаратты таппадық. Қазір «Спецзаказ» мекемесін Е.Н. Нығметжанов басқарады.

Учёт порталының мәліметі бойынша, Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мердігерлер қауымдастығынан салық аударымдары тек 2010 жылы (5400 теңге) және 2011 жылы (42690 теңге) болған. «Technologies Company» тіркелген сәттен бастап (2018 жыл) салық аударымдарын жасамаған. Ең қызық жағдай «Rent properties» ЖШС-ына қатысты (Kompra.kz):

Компания бір рет «Crossfit Astana» ЖШС-мен соттасқан. Сонда Есқалиевтің компаниясының жалға алу шартын бұзу және берешек сомасын өндіріп алу туралы арызы ішінара қанағаттандырылды.

Байланыс схемалары

Ерхат Есқалиев деген кім?

Схемада Берік Шәріп әлі күнге дейін «СҚ-Фармацияның» басшысы ретінде, ал Есқалиев қатысушы ретінде көрсетілген (Kompra.kz сайтындағы мәліметтер әлі жаңартылмаған болар, ал Есқалиевтің қатысушы ретінде көрсетілуі оның «СҚ-Фармация» ЖШС-нің Бақылау кеңесінің мүшесі болғанымен байланысты болуы керек). Қалай болғанда да, сызба Есқалиевтің қызметін кәсіпкер ретінде көрсетеді.

Өзге компаниялармен байланысы

Оның әртүрлі 49 акционерлік қоғамда үлесі бар (әртүрлі уақытта, деректерді жүктеу кезеңі – 2013 жылдан бастап 2019 жылға дейін), 2 АҚ-да Директорлар кеңесінің құрамында болған (деректерді жүктеу уақыты – 2012-2013 жж.), 2 атқарушы органның мүшесі болған (2011-2012 жж.). Қаржылық есептілік депозитарийінің 30.10.2012 жылғы есебіне сәйкес, 27.08.2012 ж. Есқалиевтің 18 АҚ-ға жақын туыс ретінде байланысы анықталған (ҚР «АҚ туралы» Заңының 64-бабының 1-тармағы (2-тармағына сәйкес). Бұл компаниялардың бір бөлігі Қазақстанның 100 үздік салық төлеушісі қатарына кіреді.

Ерхат Есқалиев деген кім?
Ерхат Есқалиев деген кім?
Ерхат Есқалиев деген кім?

Профайл

Есқалиев Ерхат Серікұлы, туған жылы: 25.09.1976, 43 жаста, Алматы қаласында дүниеге келген.

  • Алимент бойынша берешек: Жоқ
  • Атқарушылық іс жүргізу бойынша жауапкер/борышкер: Жоқ
  • Терроризмді қаржыландыруға қатысы: Жоқ
  • Қылмыстық іздестіру: Жоқ
  • Хабар-ошарсыз жоғалған адамдар тізімінде: Жоқ
  • Педофилдер базасында: Жоқ
  • ҚР-дан шығуы уақытша шектелген борышкер тізімінде: Жоқ
  • Атқарушылық құжаттар бойынша борышкер/жауапкер тізілімі: Жоқ
  • Салық берешегі: Жоқ

Сотта қаралған істері

Әкімшілік іс

Өткен жылдың жазында Ерхат Есқалиевке қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарылды, нақты айтқанда, оған жолда қажетті қауіпсіз арақашықтықты сақтамағаны үшін 35350 теңге көлемінде айыппұл салынды (Есқаливтің әрекетінен оның көлігі басқа автокөлікпен соқтығысқан).

Азаматтық іс

Өткен жылы Есқалиев сотқа талапкер ретінде қатысып, өз борышкерінен 340 мың теңге өндіріп алды.

Тағы да «СҚ-Фармация» туралы

«Барлығын анықтау керек…» – Қасым-Жомарт Тоқаевтың «СҚ-Фармация» туралы айтқан сөзі.

«СҚ-Фармация» ЖШС-ы өз жұмысын бастағалы бері 259 сот ісіне қатысқан. 2013 жылдан бастап салық аударымдары шамамен 12 млрд теңгені құрады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл ұйымның айналасында топтық мүдделер тоғысқан:

«СҚ-Фармация» бойынша. Ол қандай ұйым, онда кім жұмыс істейді? Олар неге үнемі сенімді ақтамайды? Бұл ұйым жайлы соңғы 15 жыл бойы естіп жүрмін. Барлығы сонда жұмыс істегісі келеді. Ұйым айналасында топтық мүдделер байқалады. Не істемекшісіздер?», – деп сұрады мемлекет басшысы 10 шілдеде өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан… Содан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы А.Шпекбаевқа «бұл ұйымды сыбайлас жемқорлық тәуекелдері тұрғысынан тексеру керек» деп тапсырды. Бір қызығы, дәл сол күні Алматыда дәрі-дәрмек сатқаны үшін реаниматолог ұсталды. Ал 15 шілдеде Антикор өзінің YouTube-арнасынада ЖШС-нің қоймаларына жасаған рейдтері туралы есеп берді.

18 шілдеде «СҚ-Фармация» ЖШС-нің жаңа төрағасы Ерхат Есқалиев ауруханалардың дәрілік заттарға деген сұранысы 100% қанағаттандырылды деп мәлімдеді. Сондай-ақ «ҚазАқпараттың» мәліметі бойынша, дәрі-дәрмектермен жеке нарық та толтырылып жатыр: «Қазір барлық әкімдерге жеке нарықты да дәрі-дәрмекпен толтыру тапсырылды. Мемлекеттік мекемелер тарапынан жеке нарыққа жүгіну мәселесі туындамайды».

Осы уақытқа дейін «СҚ-Фармация» міндетіне жеке дәріхана нарығының жұмысын реттеу кірген жоқ. Барлық өткізілетін сатып алулар туралы ақпарат компанияның сайтында тұр. Бұл компанияның сыбайлас жемқорлыққа қатысты болуының басты факторы – ауруханалар үшін мемлекеттік қаражатқа сатып алынған дәрі-дәрмектердің дәріханалық желілерге өтіп кету қаупі бар.

Сайтымызға жақын күндері ӘМСҚ-ның жаңа басшысы Болат Төкежановтың профайлы шығады.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz