Халық үніне құлақ асПаЙтын мемлекет: Қазақстандағы таңдаулы БАҚ

«БАҚ туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңдарға сәйкес, Қазақстанда цензураға тыйым салынады, ал журналистердің бәрінің ақпаратқа тең дәрежеде қол жеткізуге және оны таратуға құқы бар. Бірақ бұл ережелер «ұнамсыз» прессаны айналып өтеді, оған БАҚ қызметкерлерінің құқығы жиі бұзылатыны дәлел. Қазақстанда қай медиа ең осал екенін осы материалда айтамыз.

Құқықтық медиа-орталық ақпараты бойынша, кейінгі үш жылда Қазақстанда мемлекеттік ақпараттық саясатқа 153 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Осы 153 миллиардтың басым бөлігі (90%-тен астамы) мемлекеттік БАҚ-ты қамтамасыз етуге жұмсалса, тек 9%-і ғана жеке масс-медиаларға бөлінген. Қаржылық артықшылықтан бөлек, мемлекеттік саясатты қолдайтын басылым журналистерінің жұмысында кедергі сирек болады.

Халық үніне құлақ асПаЙтын мемлекет: Қазақстандағы таңдаулы БАҚ

Бұл материалды дайындау кезінде «Әділ сөз» Халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының есебінде айтылған 2022 жылдың 1 қыркүйегі мен 16 желтоқсаны аралығында тіркелген  қазақстандық журналистердің 254 құқықбұзу фактісі талданды. Бұл аралық президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы, электоралды процесс, президент сайлауы мен Тәуелсіздік күніне тұспа-тұс келіп тұр.

Талдау бойынша, елдегі журналистік қызметке кедергі келтіру жағдайларының көбі «Азаттық радиосы» басылымы (18), сондай «Orda.kz» (15) және «Ratel.kz» (14) жекеменшік медиаларына қатысты болған. Олардан кейін «Время» газеті тұр. Бұл басылымға қатысты 10 құқықбұзудың 4-і зерттеуші-журналист Михаил Козачковпен байланысты. Оны 2022 жылдың 18 желтоқсанында Қаржы мониториңі агенттігі ұйымдасқан қылмыстық топпен байланысы бар деген күдікпен қамауға алып, 2023 жылдың 27 наурызында ҚР ҚК 274-,147-баптары бойынша шартты түрде 3,5 жылға соттады.

Халық үніне құлақ асПаЙтын мемлекет: Қазақстандағы таңдаулы БАҚ

Кедергіге жиі тап болатын БАҚ бестігін мемлекеттік «Отырар» телеарнасы түйіндейді (Шымкент қ.). 8 жағдайдың 6-на журналист Көркем Усибалиева кезіксе (сондай-ақ ол Tengrinews.kz-те жұмыс істеп жүргенде екі рет осындай жағдайға тап болған), ал басқа екеуі Анастасия Новикованың еншісінде (зерттеу кезеңінде ол «31 арнада» жұмыс істеп жүргенде екі рет құқы бұзылғанын анықтадық).

Өңірлер бойынша баспасөз бостандығы көбіне ірі қалаларда, сондай-ақ солтүстік өңірде шектеледі: Алматы (45), Астана (38) және Шымкент (24). Қазақстанның Жастар ақпараттық қызметінің «Дезинформацияның Қазақстан қоғамына әсері» зерттеуінде «тәуелсіз журналистерге қысым болғандықтан және жергілікті медианың көбі мемлекеттен ақпараттық тапсырыс алатын болғандықтан» өңірлерде журналистика дұрыс дамымағаны айтылған.

Халық үніне құлақ асПаЙтын мемлекет: Қазақстандағы таңдаулы БАҚ

2022 жылы Қазақстан Freedom House рейтиңінде 100 ұпайдың 32-ін алып, интернеті «еркін емес» елдер қатарында қалды. OONI Measurement Aggregation Toolkit (MAT) бақылауы бойынша, елде жаңалықтар-ресурстары іркілісі әсіресе қаңтардан наурызға дейінгі аралықта (өңірдегі сайттарда өткізілген тесттердің жалпы санына тіркелген іркіліс қатынасы — 8-9%), мамырда (8%) және желтоқсанда (9%) өте көп тіркелген. Кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығының негізін қалаған Олжас Сатиев Қазақстан мұндай көлемдегі кибершабуылға бірінші рет тап болғанын, ал оны кім тапсырыс бергенін анықтау мүмкін емес екенін айтты.

Халық үніне құлақ асПаЙтын мемлекет: Қазақстандағы таңдаулы БАҚ

Қаңтар оқиғасы кезінде елде кейбір мемлекеттік жаңалықтар сайты мен телеарналардан басқасының бәрі бұғатталды. 7 қаңтарда интернет өшірілген кезде қазақстандық КазТАГ, The Village Kazakhstan, Orda.kz және «Власть» тәуелсіз медиалары жұмыс істеу қиындағанын мәлімдеді.

«Редакция өз сайтына қол жеткізе алмай отыр; тек үш қызметкеріміз ғана интернетке қосыла алды; біз интернет жұмысы шектелгендіктен көп адаммен байланыса алмаймыз; ал тәуелсіз және мемлекетпен байланысы бар БАҚ арасындағы ақпараттық теңсіздік салдарынан біз аз ақпарат алып отырмыз, оның ішінде сенімді ақпарат тіпті аз», – деп мәлімдеді «Власть» басылымының редакциясы.

Қазақстандық жаңалық ресурстары қаңтардан кейін де іркіліспен жұмыс істеді. 2022 жылы бірнеше рет Orda.kz, КазТАГ, Vesti.kg, Ulysmedia.kz, El Media, Abzhan News, BES.media, Kozachkov offside, «Медиазона», «Новая газета», Toppress.kz, Newtimes.kz, Sn.kz, Ratel.kz, Kazpravda.kz, «The Village Казахстан», «Экспресс К» және «31 арна» медиалары кибершабуылдар жасалғаны, бұзып кірмек болғаны және интернет-порталдың жұмысында қиындықтар туындағанын хабарлады. Жоғарыдағы БАҚ-тың көбі тәуелсіз басылымдарға жатады.

Халық үніне құлақ асПаЙтын мемлекет: Қазақстандағы таңдаулы БАҚ
Инфографикалар: Мадина Жақсылықова

Осылайша, Қазақстанда мемлекет қолдауына тек басқарушы ортаның көзқарасын көрсететін таңдаулы медиалар ғана ие. «Құлақ асатын» мемлекет идеясының тәуелсіз журналистер мен белсенділерге қатысы жоқ. Бұл елде пікірлер плюрализмінің жоқтығын көрсетті.

Материалды дата-коммуникация бойынша ForSet стипендиялық бағдарламасының түлегі Мадина Жақсылықова дайындады.

Factcheck.kz