Үкіметтік емес ұйымдар туралы аңыз бен ақиқат

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2018 жылдың 16 наурыздағы мәліметі бойынша Қазақстанда ресми 22 398 ҮЕҰ тіркелген. Алайда көбі әлі күнге дейін «үшінші сектор» деген тіркестің артында не тұрғанын анық түсінер емес. Біз бұл мақалада үкіметтік емес ұйымдарға байланысты сантүрлі мифтің басын ашып алуға тырысамыз.

ҮЕҰ мен КЕҰ арасындағы айырмашылық

Нормативтік-құқықтық актілерде «коммерциялық емес» және «үкіметтік емес» ұйымдардың анықтамаларының араласып кетуін жиі байқауға болады. Бұл анықтамалардың мағынасы жақын болғанмен, синонимдес емес.

Сонымен: ҮЕҰ – ресми институттардың қатысуынсыз құрылған, өз қызметін жарғы негізінде және өз қаражатына жүзеге асыратын қоғамдық бірлестік.

КЕҰ – қатысушылар арасында табыс тауып, оны бөлісуді негізгі мақсат етпейтін заңды тұлға. Ол мемлекеттік те, меншіктің өзге де формасында да болуы мүмкін (КЕҰ туралы Заң).

№1 миф: ҮЕҰ – бұл тек қайырымдылық

Үкім – жалған

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы Заңға» сәйкес осындай типтегі кез келген қауымдастықтар әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру, заңды, денсаулық сақтау және табиғатты қорғау, спорттық міндеттерге қол жеткізу мақсатында; діни қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін және басқа да мақсаттар үшін құрылуы мүмкін.

Мысалы, «Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі» (ҚЖАҚ) – жалынды жастарды біріктіретін мекеме. Қор мүшелері жастардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды, нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау барысында өзінің азаматтық бастамаларын көтереді.

Мысалы, олар өзінің алғашқы эдвокаси-кампаниялары кезінде республиканың барлық қалаларындағы студенттер үшін жол жүру ақысына жеңілдіктер енгізуге көмектесті, ЖОО-ның ақылы оқу шартының үлгісіне түзетулер ұсынды және Қазақстанның бірнеше университеті мен жатақханасына жөндеу жүргізді.

№ 2 миф: ҮЕҰ салықтан босатылған

Үкім — жалған

Бірақ еліміздің Салық кодексіндегі ескерту бойынша:

  • гранттың, мүшелік жарналардың немесе қайырымдылық акциялардың бір бөлігі саналатын,
  • өтеусіз негізде берілген,
  • мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа арналған шарт бойынша алынған,
  • қаражат

—  салық салудан босатылады, алайда мемлекет пайдасына төленетін басқа да міндетті төлемдер бар:

  1. Ұйым қызметкерлері үшін салық. Оған әлеуметтік салық, ЖТС (жеке табыс салығы), зейнетақы қорына аударымдар, әлеуметтік сақтандыру кіреді.
  2. Көлік салығы (бар болған жағдайда).
  3. Мүлікке салынатын салық барлық КЕҰ үшін (діни бірлестіктерден басқа) 0,1 пайызға тең. Діни бірлестіктер жер үшін алынатын ақшалай алымдардан да босатылған.
  4. Коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар. Мұндай жағдайда салық салу жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі, сондықтан дегрессияға жататын табыстар жеке есепке алынып жүргізілуі тиіс.

№ 3 миф: ҮЕҰ дегеніміз – оппозиция

Үкім – жартылай шындық

Үкіметтік емес КЕҰ-ның бір формасы саяси партия болуы мүмкін, осы ретте оған кәсіподақтар да (мысалы, «Қазақстан Республикасының кәсіптік одақтар федерациясы»), діни мекемелер де (ҚМДБ, РПШ), тұтыну кооперативтері де, қорлар да («Дара», «Қайырымдылық еріктілер қоғамы») коммерциялық емес акционерлік қоғамдар да және қауымдастықтар да кіреді.

№ 4 миф: ҮЕҰ тек шетелдік ұйымдармен қаржыланады

Үкім — жалған

Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаевтың айтуынша, жыл сайын отандық коммерциялық емес бірлестіктерді қолдауға шетелдік инвесторлар 13,6 миллион доллар (немесе шамамен 5 млрд теңге) бөледі. Қаражат негізінен халықаралық КЕҰ және АҚШ-тан келеді, екеуінің бүкіл шетелдік қаржыландырудағы үлесі 70 пайызды құрайды.

Алайда еліміздегі ҮЕҰ-ға көп қаражат шетелден емес, мемлекеттік тапсырыстан, қазақстандық жеке меценаттықтан және үкіметтік емес ұйымдар мүшелерінің жеке аударымдарынан түседі. Соңғы 16 жылда КЕҰ-ны қолдауға арналған мемлекеттік шығындар 11 млн-нан 20 млрд теңгеге дейін өскен.

Коммерциялық емес ұйымдар бизнес құра алады, кейін оның қаржысы ұйымның жарғылық мақсаттарына қол жеткізуге жұмсалады. Осылайша, олар да өз жобаларына демеуші бола алады.

КЕҰ үшін мемлекеттік гранттар

Әлеуметтік жобаны жүзеге асыру мақсатында бюджеттік грант алу үшін үкіметтік емес ұйымдар арасында конкурс ұйымдастырылады. Айта кетерлігі, іріктеудің ерекше критерийлері бар, олар бойынша конкурсқа тек ҮЕҰ-ның деректер қорында тіркелген қауымдастықтар ғана қатыса алады. Былайша айтқанда, грантқа үміткер қоғамдық өмірде белсенді рөл атқаратынын дәлелдеу қажет.