Мүгедектігі бар жандар жайлы ақиқат пен аңыз

Денсаулық мүмкіндігі шектеулі адамдар жайлы ел арасында қалыптасқан ойлардың ақ-қарасын ажыратуды бұрыннан ойлап жүр едік. Оның үстіне Қазақстанда оларға өмір сүру оңай да емес: білім мен орта қолайлы емес, жәрдемақы аз, тіпті мүгедек екеніңді дәлелдеудің де машақаты көп. Қоғамда қалыптасқан ойлардың қаншалықты рас екенін тексеріп көрейік.  

Психикалық ауруы бар адамдар қауіпті және олар көп қылмыс жасайды

Үкім: Жалған

2018 жылдың басынан бері Алматыда психикалық ауытқуы бар адамдар жасаған 41 қылмыстық іс жабылған. Оның 20-сы – ауыр, төртеуі – аса ауыр қылмысқа жатады. Жалпы Алматы қалалық ішкі істер департаменті тіркеген қылмыстар ішінде психикалық сырқаты бар адамдар жасаған қылмыстар үлесі – 0,06 пайыз (Ақпаратты департаменттің баспасөз қызметі берді).    

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, мінез-құлқы қауіпті болуы мүмкін, тұрақты бақылауға алынған науқастар есебінде 1316 адам бар (2017 жылдың соңындағы дерек). Олардың жалпы халық есебіндегі үлесі – 0,0073%.         

Баланың мүгедек болып туғанына анасы “кінәлі”

Үкім: Жалған

“Әлемге жол” орталығының маманы Светлана Штаркова бұл туралы былай дейді:

“60-80 пайыз жағдайда баланың мүгедектігі пренталды патологияға байланысты. Баланың мүгедек болуына нашар экологиялық орта, ер мен әйелдің жайсыз еңбек жағдайында жұмыс істеуі, травматизмнің жиілеуі, халықтың саламатты өмір салтына атүсті қарауы я оған мүмкіндігі болмауы, ата-ана денсаулығының нашарлығы, дұрыс тамақтанбау, лас ауызсу сияқты өмір сүру сапасының төмен болуына байланысты туындайтын мәселелер әсер етеді. Мұндай қиындық көп отбасында бар. Ата-ананың жеке бас денсаулығы маңызды фактор болғанымен, шешуші емес: алдын ала алмайтын, я болжап білмейтін кездейсоқ мутация я дәрігер қателігі сияқты факторлар бар”.   

Тақырыптың аясын тарылтуға тырысып, денсаулық сақтау министрлігіне “Мүгедектіктің кейбір түрлеріне, мәселен баладағы церебралды сал ауруына анасы “кінәлі” ме?” сауал жолдадық.  

Жауап: Балалардың церебралды сал ауруымен тууына генетикалық және хромосомалық ауытқулар, ананың экстрагениталды (қант диабеті, артериалды гипертензия, жүрек аурулары сияқты) ауруларға шалдығуынан баланың жатырішілік гипоксияға ұшырауы, сондай-ақ жүктілік кезінде ананың вирустық аурулармен ауыруы себеп болады.  

*** Кейде аналар баласының мүгедектігіне дәрігерлерді кінәлап жатады, бірде кінәні ешкімнен іздемейді. Толығырақ мына сілтемеден оқыңыз.  

https://www.youtube.com/watch?v=ZuFUmvDNT6s

Аутизм жұқпалы

Үкім: Жалған

Аутизм деп психикалық және психологиялық дамудың бұзылуын атайды. Мына жақта толық жазылған. Оны генетикалық ауру ретінде ғана емес, бірнеше фактордың ықпалы бар сырқат деп қарастырады. Аутизмді иммундық жүйенің бұзылуымен, оксидативті стреспен, митохондриалды дисфункциямен немесе интоксикациямен байланыстырады. Бірақ инфекция себеп болуы мүмкін деп ешкім айтпайды.

Аутизм мен Даун синдромы бар музыканттар мүше финляндиялық PKN  панк-рок тобының өнерін тамашалыңыз. Бұл топ 2015 жылы Eurovision-ге қатысқан.    

https://www.youtube.com/watch?time_continue=19&v=T2LRCdn5uaw

Мүгедектегі бар адамдар аз өмір сүреді

Үкім: Жалған

Өмір сүру ұзақтығына әсер ететін фактор көп. Психофизикалық дамуында ерекшелік бар “төсек тартып жатқан” балалардың өмір сүру ұзақтығына не әсер ететінін мына сілтемеден көріңіз.

Қазақстандағы мүгедектердің өмір сүру ұзақтығына қатысты ресми статистиканы, өкінішке қарай, табу мүмкін болмады.

Салыстырмалы  кесте. Мүгедектігі бар адамдар саны жас мөлшеріне қарай топтастырылған.  

Ерлер

Жизнь инвалидов в Казахстане

Әйелдер

Жизнь инвалидов в Казахстане и зарубежом

Мүгедектер жұмыс істей алмайды, олардан қоғамға пайда жоқ

Үкім: Жалған

Иә, бұл – жалған. Мәселен, Біріккен ұлттар ұйымының мүгедектер мәселесі жөніндегі бюллетеніннің мына ақпаратына қараңыз: “Әлем бойынша еңбекке қабілетті азаматтардың 386 миллионы – мүгедек. Кейбір елдерде мүгедектер арасындағы жұмыссыздық 80 пайызға жетеді. Жұмыс берушінің мүгедектерді жұмысқа қабілетсіз деп ойлауы сирек құбылыс емес”.

Ары қарай:

“2002 жылы АҚШ-та жүргізілген зерттеу нәтижесінде мүгедектердің жұмыстан сирек шығатыны анықталған. Бұл кадрлардың кетуіне байланысты жұмыс беруші ұшырайтын шығынның болмауына септеседі. Мүгедек қызметкердің шамамен 85 пайызы жұмыс орнында тұрақтап қалады (АҚШ-та – автор).  

1990 жылғы деректерге сүйенсек, АҚШ-та мүгедектердің жеке еңбек ету және шағын бизнесті басқару тәжірибесінің (12,2 пайыз) көрсеткіші  мүгедектігі жоқ адамдарға қарағанда (7,8 пайыз) жоғары болған.

Қазақстан мүгедектерінің еңбегін бақылайтын құқықтық аспектілермен танысқыңыз келсе, мұнда және мына жаққа кіріп көрсеңіз болады.  

“Мүгедектер еңбегін бақылау ерекшеліктері 2015 жылғы қарашаның 23-інде қабылданған Еңбек кодексінде жазылған. Мәселен, кодекстің 25-бабы 2-тармағында “кодексте көрсетілген кейбір жағдайлардан басқа кезде мүгедектік статусы еңбек шартын жасасу құқығын шектемейді” деп жазылған. Мемлекеттің міндеті – мүгедектерге қабілеттерін еңбекте пайдалануы үшін өзге азаматтармен тең мүмкіндік берілуін қамтамасыз ету”.

Мүгедек балалар көбіне тұрмысы нашар отбасында туады

Үкім: Жалған  

Бұл сұраққа 2-аңызды қарастырып жатып, жанама түрде жауап беріп те кеттік – тұрмысы қандай болса да, ешбір отбасы “бізде мүгедек бала тумайды” деп айта алмайды.

2015 жылғы дерек бойынша, Қазақстанда тұрмысы төмен отбасыларда 18 мыңнан аса бала өсіп жатыр. Бірақ біз әлеуметтік жағдайы нашар отбасында мүгедектігі бар қанша бала туып-өсіп жатқанын және ондай отбасылардағы балалар аурының деңгейі қандай деген сұраққа жауап беретін мәліметті ашық дереккөзден таба алмадық.

“Лечащий врач” ресейлік ресурсы сайттарында жарияланған мақалаларының бірінде былай дейді:

Жизнь инвалидов в Казахстане

Жұмыс берушіге мүгедек адамды жұмысқа алғаннан гөрі айыппұл төлей салған оңай

Үкім: Жалған

Бірақ мұның бәрі заңның қаншалықты тиімді сақталатынына байланысты. Қазақстан заңдарына сәйкес, мүгедек қызметкерлер саны штаттағы жалпы жұмысшылар үлесінде 2-4 пайыз болуы керек. Дегенмен, мұндай талап қызметкерлер саны 50-ге жетпейтін ұйымдарға қатысты қолданылмайды деген сияқты жайттар да бар. Толығырақ мына жақтан оқыңыз.   

Мұндай талапты орындамағандарға – 20 АЕК-ке дейінгі айыппұл, ал мүгедек қызметкерлерді қайта даярлау мен олардың қызмет етуі үшін арнаулы жұмыс орнын әзірлеу сияқты талаптарды сақтамағандарға 600 АЕК-ке дейінгі айыппұл салынады. 2018 жылы 1 АЕК – 2405 теңге.  

Есептеп көрейік:

  • квота талабын сақтамағаны үшін — 20×2405 = 48 100 Т (жағдайды реттеу үшін ұдайы айыппұл санкцияларын қолданып отыру керек – автор).
  • қызметкерлерді қайта даярлау мен олардың қызмет етуі үшін арнаулы жұмыс орнын әзірлеу талабын орындамағандарға — 600×2405 = 1 443 000 Т (заңды орындау тиімдірек екені сөзсіз – автор).

“Алматы қалалық мүгедектер қауымдастығы” ұйымының жетекшісі Әли Аманбаевтың пікірі мынадай:

“Орта бизнестегі кейбір жұмыс берушілер ресми түрде тіркелмеген адамдардың еңбегін пайдаланады. Мүгедектерге квота беру талабын орындамау үшін 5-10 адамды ғана штатта ұстайды. Сондықтан бұл талапты жұмысшылар санына байланысты деп емес, қанша адам жұмыс істесе де, бір мүгедекті жұмысқа алуы тиіс деп өзгерткен дұрыс болар еді”.  

Жұмыс берушіге айыппұл төлегеннен гөрі мүгедек адамды жұмысқа алу тиімдірек екенін көрсететін және бір нәрсе – заңда “мүгедектігі бар азаматтарға жұмыс бергендерге субсидия беру қарастырылады” деп жазылған.

Мүгедектерге қажетті заттар қымбат тұрады

Үкім: Жартылай шындық

Бағалар пульсі порталының ақпаратына қарасақ, мүгедектердің қолайлы орта жасауға қажетті құрал-жабдықтардың бағасы 5 мың теңгеден басталады.  

Инвалиды в Казахстане

Бірақ, мәселен, Satu.kz сайтында арзан сатының бағасы 340 мың теңге. Сондықтан баға нақты мүгедектік деңгейі мен еркін қозғалу үшін адамға не қажет екенін байланысты.

2018 жылы мемлекет бизмендерге мүгедектер үшін қолайлы орта жасауға жұмсаған ақшасын компенсациялау үшін 110 млн теңге субсидия берген. Субсидияны қалай алуға болатынын білу үшін 7-аңыздың талдауын қараңыз.

Дамыған елдерде мүгедектер саны біздікінен көп

Үкім: Нақты үкімі жоқ

Бұл мүгедектерді қалай санайтынымызға байланысты. Ресми статистика бойынша, Қазақстанда мүгедектер үлесі халықтың 10 пайызынан асып кеткен. Ал Еуропа мен Ресейдегі жағдай мынадай:

Инвалиды в Казахстане

2004 жылы жарияланған “Аурулардың жаһандық үлесі” зерттеуінде жан басына шаққандағы халық табысы жоғары болатын елдердегі мүгедектік деңгейі көрсетілген.

Мүгедектігі бар жандар жайлы ақиқат пен аңызМүгедектігі бар жандар жайлы ақиқат пен аңыз

Көріп тұрғанымыздай, жан басына шаққандағы табысы төмен елдерде мүгедектік деңгейі жоғары.

“Алматы қалалық мүгедектер қауымдастығы” ұйымының жетекшісі Әли Аманбаевтың пікірі мынадай:

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, әлемдегі әрбір 15 адам – мүгедек. Кедей, я экологиясы нашар мемлекеттерде жағдайы жақсы елдермен салыстырғанда мүгедек көбірек дегенге сенесіз бе? Батыста, мәселен, былай – мемлекет мүгедек адамды жұмысқа тұруға ынталандырады, жағдай жасайды. Мүгедектерге ай сайын жәрдемақы алып отырғаннан гөрі жұмыс істеген тиімдірек. Мен Еуропада тұрайыншы, мені жұмысқа тұрғызып қояр еді, ай сайын жәрдемақы алмас та едім. Сондықтан ол жақта мүгедек статусын алу оңай. Бізде айналамыз әзірге еркін жүріп-тұруға қолайлы емес. Жұмысқа тұру да қиын. Мемлекеттің кімге протез, кімге арба, яғни қанша адамның нақты қандай қажеттігі барын білу тиімдірек. Сол себепті классификатор мен мүгедектерді жұмысқа тұрғызу керек. Қазақстанда нақты қанша мүгедек бары сол кезде ғана  көрінеді.

factcheck.kz мақалаларында аты-жөні аталған тұлғалар немесе оқырман біздің үкіммен немесе дәлелдемелерімізбен келіспейтін болса, тиісті материалдарды ұсынған жағдайда редакция үкімді қайта қарастырып, құжаттарды жариялауы мүмкін.

Бұл басылым Сорос-Қазақстан Қорының қаржылай қолдауымен дайындалды (жарияланды, жарық көрді). Бұл жарияланымның мазмұны автор(лар)дың пікірі мен көзқарасын білдіреді, оның Сорос-Қазақстан Қорының көзқарасымен сай келуі міндетті емес.

Қазақ тіліне аударған: Аян Қалмұрат

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz