Біз Тұмар патшайым туралы не білеміз?

Ел болып сенім артып отырған қазақстандық «Томирис» жобасының түсірілімі басталды. Еліміздің БАҚ өкілдері таратқан ақпаратына сенсек, фильмдегі басты рөлді сомдайтын аруды 1500 үміткердің ішінен таңдап алған. Жалпы сақ-массагеттердің патшайымы болған аңыз адам жайлы біз не білеміз? 

Тұмар патшайым мен Кир 

Сақ-массагеттердің патшайымы ұлының кегін алу мақсатында өзі жеңген парсы патшасы Кирдің басын қан толтырылған дорбаға салып: «Соғыста сені жеңгеніммен, сен мені ұлымнан айырып үлкен қайғыға душар еттің, сол үшін мен сені, уәде еткенімдей, қанға тойдырамын» деген (Геродот. Тарих. I кітап «Клио») немесе былай: «… Сен қанға тоймап едің, парсы патшасы, енді шөлің қанғанша іш!» (Болат Жандарбеков «Томирис»). 

Үкім: Үкім жоқ 

Кирдің өлімі туралы деректер Геродот жазбасынан басқа да нұсқаларда кездеседі. Мәселен, тарихшы және сарай емшісі Артаксекс Мнемон – Ктезидің пікірінше, II Кир (Куруш) дербиктермен соғыста ауыр жарақаттанып, үшінші күні қайтыс болған. «Дербиктер (үндістермен одақтас ел) пілдерді торуылда ұстап, Кирдің атты әскерін тым-тырақай етіп қуып жіберді. Кирдің өзі аттан құлап, бір үндіс оның жамбас буынына найза шаншып алады. Содан ол өмірмен қоштасады».

Томирис и Кир
Кирдің қабірі

Вавилондық тарихшы Беростың айтуынша, Кир дахалармен (скифтер қатарында) шайқаста қаза тапқан. Оны ажалы жетіп, өз өлімімен өлді дейтін жорамалдар да бар. Ол өзі құрған империяның астанасы Пасаргадахта жерленген. Қабірі біздің заманымызға дейін сақталған.

Сонымен қатар, Кирдің сүйегін Александр Македонский да көрген. Ол Кир қабірінің тоналғанын көргенде, мұндай қылмысты жасаған Поломахты, танымал адам болғанына қарамастан, өлім жазасына кесті (Плутарх. Салыстырмалы өмірбаян. Александр.) 
Осылайша Кир массагеттермен соғыста қаза таппаған және сақ патшайымының өмірінде оның басына қатысты эпизод болмауы мүмкін екендігін айта аламыз. 

Орта ғасырларда Тұмар патшайым Батыста өте танымал болды 

Үкім: Шындық 

Геродот сюжеті ортағасырлық суретшілер үшін де өте әсерлі болып көрінді… 

Томирис и Кир

Одан кейінгі суретшілерге де өз әсерін тигізбей қоймады. Питер Пауль Рубенс Тұмарды 1620 және 1622 жылдары екі рет жазып шыққан. 

Томирис с головой Кира
«Томирис пен Кирдің басы», 1920 жыл, Лувр. 

 

Томирис
«Томирис пен Кирдің басы», 1622, Сымбат өнері мұражайы, Бостон, АҚШ

Тұмар мен Кирдің басы жайлы оқиға әділдіктің символына айналды, сол себепті суреттер тапсырыспен салынып, оны сот залдарына іліп қоятын болды. Оның үстіне, Орта ғасырларда Тұмар патшайым Әзәзілге үстемдік қылған әулие Мариямен қатар айтылып жүрді. Дереккөз: e-history.kz

Тұмар патша – Есік қорғанынан табылған «алтын адам» 

Үкім: Жалған 

Есік қорғанынан табылған сүйек бозбаланыкі екені белгілі. Бұл туралы Кемаль Акишев “Курган Иссык. Искусство саков Казахстана” атты кітабында айтқан.

Томирис

Кітаптан жас сарбаздың бойы шамамен 165 см болғаны туралы ақпаратты табуға болады. Қабірден табылған әшекей бұйымдар, қару және басқа да заттарды сараптамадан өткізе келе археолог «Есік қорғаны біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырға тиесілі» деген шешімге келді. Нақты хронологиялық шеңбермен айтатын болсақ қабірді б.з.д. VII-IV ғасырға жатқызуға болады.

Есік қорғанынан Тұмардың ұлы Спаргапис табылды 

Үкім: Жалған 

Болат Жандарбековтың «Томирис» атты кітабы алғаш 1991 жылы басылып шықты. Туындыда баяндалған Спаргаписті жерлеу рәсімі әркімді болсын таңқалдырмай қоймайды: 

Жуынған, әдемі киінген Спаргапис марқұмнан гөрі ұйықтап жатқан адамға көбірек ұқсайды. Аяқ астында болған өлім оның келбетін өзгерте алмады. Оның үстінде мыңдаған алтын шытырамен қапталған сауыт, аяғында алтыннан жасалған етік, басында алтын жебелер бейнеленген ерекше дулыға болды. Мойнында екі әшекей тұрды, бірінде ызалы жолбарыс бейнеленсе, екіншісінде массагет пен тиграхаудтардан тараған патша тұқымы екендігін айғақтайтын қанатын кең жайған қаһарлы гриф бейнеленген. Құлағында жұқа алтыннан жасалған спираль сырғалар бар, қолына ауыр күміс білезік таққан. Белдігінің оң жағындағы бағалы қынапта акинак болса, өліктің сол жағында садақ пен оқтары бар қорамсақ жатты. Аяқ жағында қоладан жасалған қалқан орнатылыпты. 

Дарынды жазушының арқасында Есік жауынгері, Геродот деректерінде б.з.д. 530 жылы Аракс өзенінің бойында (деректердің біріне сенсек, Аракс – Әмударияның жоқ болып кеткен бір бөлігі) қаза тапқан атақты Спаргапистен кем айтылмайтын болды. 

Иран – Тұмардың ана тілі 

Үкім: Үкім жоқ 

Баршамызға белгілі, сақтар ирантілді көшпелі халықтар қатарына жатады (дәл осы солтүстік-иран тобына: авест, көне персид, мидия, соғды, хорезм, бактрия, парфян және т.б. тілдер кіреді). Ал, Мұрат Аджидің нұсқасы бойынша сақтардың ана тілі – көне түрік тілі. 
Кемаль Акишев Есік қорғанынан табылған тостағандағы жазулардың көнетүркілік руна жазуы екендігін еске салады, бірақ оның соғыстан келген олжа болуы мүмкін екендігін де жоққа шығармайды. 

Тұмар патшайым – жартылай тарихи, жартылай аңыз тұлға 

Үкім: Шындық 

Тұмар патшайым туралы фильмнің кеңесшісі, белгілі тарихшы Алмас Ордабаев: «Өкінішке қарай, Тұмар ханымның Кирді жеңгені туралы Геродот жазбаларынан басқа жерде кездеспейді», – дейді. 
Бірақ Тұмардың II Кирмен соғысқаны жөнінде гот тарихшысы Иордан (б.з. 6 ғасыры) да жазған, X тараудың басында оны Готияның ханшайымы (ағылшынша нұсқада Tomyris, Queen of the Getae) деп айтып өтеді. Бірақ Иордан да басқа авторлар сияқты (мәселен, Страбон тәрізді) Геродоттың деректеріне сүйене отырып жазуы мүмкін. Осылайша олар Қазақстан тарихын және Қазақстан халқының ойын сан-саққа жүгіртіп кетті.

 

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz