2021 жылы көп тараған коронавирус пен қастандық теориялары туралы ТОП-10 фейк

2021 жылы коронавирус пен пандемия көптеген фейк авторларының басты тақырыбы болды. Мұны оқырмандардың қызыққанын көрсететін Factcheck.kz іздеу сұраулары мен трафик статистикасы дәлелдейді. Біз биыл шыққан, өзіміз тексерген және оқырмандардың ең көп назарын аударған пандемия мен вакцинация туралы ең танымал 10 фейк топтамасын жасадық. Рейтингіден 2020 жылы шыққан жаңсақ ақпараттар алынып тасталды. Олардың кейбіреуі қазіргі тізімдегі кейбір фейктен әлдеқайда алда келеді.

10. Вакциналардағы графен оксиді туралы фейк

Жазда Испания, Ресей, Қазақстан, Оңтүстік Корея тұрғындары әлеуметтік желілерде сол кездегі барлық вакцина құрамында қатерлі ісік тудыратын графен оксиді бар деген ақпарат таратты. Расы сол, тіркелген вакциналарда графен оксиді жоқ. Адамдарға бұл фейктің не себепті ұнап қалғанын болжауға болады: жақында «графен оксиді» атауы әлемдік БАҚ-қа тарады, өйткені зерттеушілер заттан әлемдегі ең берік материалды алды, яғни бұл атау бұған дейін бүкіл планетада жарнамаланды. Дегенмен аздап ұмытыла бастады, бұл – жалған тарих үшін тамаша элемент.

2021 жылы көп тараған коронавирус пен қастандық теориялары туралы ТОП-10 фейк

Фейк элементтері: қастандық теориясы, заттың аса таныс емес атауы

9. Еуропаға вирус жұқтырғаны үшін ДДСҰ-ны сотқа беру

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Польша, Швеция және Норвегия ДДСҰ-ны Еуропаға вирус жұқтырғаны үшін сотқа бергені туралы ақпарат белсенді түрде таралды. Хабарлама цитатасында қызық «егжей-тегжей» бар. «Ұсталған ұшқыштар химиялық пневмония тудыратын затты шашқанын мойындады», — деп хабарлады авторлар. Олардың «улы химия қалдықтары» туралы ескі фейкті меңзегені анық. Әрине, сенімді дереккөздерде бұл елдердің үкіметінен ДДСҰ-ға қарсы сотқа арыз бергені туралы ештеңе табылмады.

Фейк элементтері: «Озық Еуропа» имиджі (үшінші әлем елдерінің ДДСҰ-ға қарсы шағымдары деген нәрсе аса бір жағымды естілмейді) – ескі фейктің, қастандық теориясының дамыған түрі.

8. «Алиса» және «ұзартылған эвтаназия»

Биыл көктемде Яндекстің «Алиса» видеосына байланысты желі дүрлікті. «Вакцинация және ұзартылған эвтаназия дегеніміз не?» деген сұраққа дыбыс көмекшісі «вакцинация – бұл ұзартылған кісі өлімі» және «вакцинация деген атпен жаппай эвтаназия жасалып, «артық» халық жойылады» деп жауап береді. Фейк іздеу сұраулары бойынша сарымсақ суынан да асып түсті.

2021 жылы көп тараған коронавирус пен қастандық теориялары туралы ТОП-10 фейк

Видео әсіресе вакцинаға қарсы қауымдастықтарда танымал болды. Өйткені олардың мүшесінің болжамы бойынша, жасанды интеллект адамдардан жасырылған шындықты ашты. Бірақ қастандық теориясы жақтаушылары бұл интернеттен жауаптар сәйкестіктерін іздейтін үйретілген машина екенін ескермеді. Оған қоса, ақпараттың қаншалық сенімді екенін тексермеді.

Фейк элементтері: «әділ машинанынң» айтқандары, қастандық теориясы

7. Вирусолог Роберт Мэлоунның мРНҚ вакциналарының қаупі туралы жалған мәлімдемесі

Ресми ғылымға қатысы бар (немесе қатысы болған) адамдар да кейде сенімді емес мәліметтер таратады. Оның ерекше мысалы – америкалық вирусолог, иммунология саласындағы көптеген зерттеудің авторы Роберт Мэлоун. Ол, тіпті, өткен ғасырдың 80-жылдарында тірі жасушаларға мРНҚ-ны тасымалдау туралы зерттеуге қатысқан. Бұл жерде Мэлоунның маңызды ғылыми бэкграунды әбден пайдаға асты. Пандемия кезінде ол мРНҚ вакциналарының қаупі туралы жалған ақпарат тарата бастағанда, оған ғалымның ғылыми өмірбаянынан оның бұл мәселедегі құзыреттілігін көрген әртүрлі елден мыңдаған адам сенді. Алайда фактчекерлер Роберт Мэлоунның қалыптасқан ғылыми консенсус пен қазіргі тәжірибеге қайшы келетін ақпаратты таратқанын анықтады. Тіпті Мэлоунның «мРНҚ вакциналарын ойлап тапқаны» туралы мәлімдеме де күмән тудырады, өйткені ғалым кезінде технологияның бір бөлігін ғана зерттеген.

Фэйк элементтері: «беделдінің ықпалы» («ғалым ұсынған ақпарат»), ғылыми терминология (автордың құзыреттілігі белгісі ретінде), қастандық теориясын тұспалдау.

6. Медицина маскаларындағы құрттар

Есі дұрыс адамдар үшін бұл – күтпеген өтірік. Медицина маскасын үлкейтіп қараса, оның беткі бөлігінде құрттар жүреді екен деген болжам бар. Видео әртүрлі елде белсенді түрде таралды. Бірақ фактчекерлер видеодан құрттың орнына ауа ағындары немесе статикалық электр тогы әсерінен қозғалатын табиғи немесе синтетикалық материалдың бөлшектері – жұқа жіптерді көрді. Құрттар туралы фейктің «арғы тегі» табылды: өнертапқыштыққа бейім «өзімен-өзі режиссерлар» ПТР үлгісін алуға пайдаланылатын мақта таяқшасы жіп тәрізді тірі «нанобөлшектерді» үзіп алады. Бірақ, біріншіден, фейк авторлары «нано-» сөзін асығыс қолданып жіберген сияқты; екіншіден, маска туралы фейктегідей олар адамдарды қарапайым матаның талшықтарымен қорқытқан болып шықты.

Фейк элементтері: «таңғаларлықтың бәрі жанымызда» (масканы мұқият қарап жатпай-ақ оны жаппай қолданады), сколецифобияның дамуына арандату (құрт-паразиттерден қорқу), қастандық теориясы.

5. АҚШ Жоғарғы сотының шешімі жайлы және мРНҚ вакцинасының ДНҚ-ға әсері туралы фейк

Тағы бір танымал фейк: АҚШ Жоғарғы соты жалпы вакцинацияны тоқтатыпты, өйткені Билл Гейтс, АҚШ-тың бас инфекционисі Энтони Фаучи және ірі фармацевтика компаниялары кейінгі 32 жылдағы барлық вакцинаның азаматтар денсаулығына қауіпсіз екенін дәлелдей алмай, сотта жеңіліп қалды. Шағымды «сенатор кіші Роберт Кеннеди» бастаған бір топ ғалым ұсыныпты-мыс. Сонымен қатар, жарияланымда мРНҚ вакциналарының кейінгі буыны адамның жеке генетикалық материалын өзгертеді деген мәлімдеме бар. Біз күткендей-ақ, бұл «жаңалықтар» біз бен әртүрлі елдегі әріптестеріміз бірнеше рет әшкерелеген ескі фейктердің жинағы болып шықты.

Фэйк элементтері: Билл Гейтс «планетаның басты қастандық жасаушысы» ретінде, Энтони Фаучи пандемиядағы фейктердің бұрынғы кейіпкері ретінде, «РНҚ» және «ДНҚ» терминдерінің қатар өмір сүруімен мектептен қалған білімге сілтеме.

4. Профессор Воробьев вакциналардың зияны туралы

Планетаның арғы бетінен Роберт Мэлоунның серігі пайда болды. Биыл әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ресейлік ғалым, профессор Павел Воробьевтың Спутник V вакцинасының тиімділігін сынаған видео белсенді түрде таралды. Оның айтуынша, бұл вакцина ауру деңгейін төмендетпейді, ал «Спутник V» – «гендік модификацияланған вирус», ол «жасушаға еніп, сонда көбейе бастайды». Сонымен қатар, профессор вакцина бірқатар ауыр асқыну тудырып, тіпті организмнің генетикалық құрылымын өзгертуі мүмкін екенін айтты. Бірінші мәселе, Воробьевтің Мэлоун сияқты шынымен де ғылымға қатысы бар. Екінші мәселе мынау: ресейлік қайраткер америкалық ғалым сияқты вакцинация саласындағы өзекті ақпаратты білмейді, сөйте тұрады фейк пен манипуляция таратады.

Фейк элементтері: «беделді адам ықпалы», вакцина қаупі қастандық теориясының бір бөлігі ретінде, ғылыми терминология.

3. Жак Атталидің цитаталары туралы фейк

2021 жылы көп тараған коронавирус пен қастандық теориялары туралы ТОП-10 фейк

Биыл әлеуметтік желіде Франция президентінің бұрынғы кеңесшісі Жак Атталиге қатысты арандатушы сөздер тарады. Аттали өзінің «Өмір болашағы» кітабында: «Әлемде жаңа тәртіп орнату үшін бізге ірі пандемия қажет», – деп жазыпты-мыс. Оған қатысты тағы бір мәлімдеме мынадай: «Вакцинация – қоғамды кәрі, ауру, қорқақ және ақымақтардан тазарту тәсілі». Шындығы сол, екі «цитата» да Атталидікі емес, олар кітаптан да табылмады.

Фейк элементтері: «беделді адамның ықпалы» (президент Франсуа Миттеранның бұрынғы кеңесшісі), қастандық теориясы.

2. Нобель сыйлығының лауреаты Люк Монтаньенің фейктері

Биылғы жылдың ең сенсациялық оқиғасының бірі – француз вирусологы, Нобель сыйлығының лауреаты Люк Монтаньенің сұхбатында айтқан вакцинация қаупі туралы мәлімдемелері. Сұхбат үзіндісі мәтін толықтыруларымен әлеуметтік желіні шарлады. Фактчекерлер бірінші кезекте соларды жоққа шығарды: мысалы, Монтанье вакцина салдырған адамдар «2 жыл ішінде өледі» деп те, «денелерге кремация жасауға» дайын болу керек деп те айтпады. Бұл ретте вирусолог вакцинацияның қаупі туралы нақты ғылыми деректерге қайшы келетін тағы бірнеше мәлімдеме жасады.

Фейк элементтері: «бедел адам ықпалы», ғылыми терминология

1. Медицина ғылымдарының докторы Александр Редьконың вакцина туралы өтірігі

Ресейлік хирург, қоғам қайраткері Александр Редько «Спутник V» вакцинасы туралы айтып, бірқатар батыл мәлімдеме жасады. Ол вакцинациядан кейін адам инфекцияның тасымалдаушысы болады, сондықтан «ол вирус жұқтыратындықтан» міндетті түрде маска тағуы керек деген пікір білдірді. Сонымен қатар, Редько Израиль тәжірибесіне сілтеме жасай отырып, екпе алғандардың «вакцинацияға дейінгіден екі есе жиі ауыратынын және ауру қиынырақ өтетінін» айтты. Фактчекерлер дәрігердің Ресей жаратылыстану ғылымдары жалған академиясының мүшесі екенін көрсетіп, оның айтқанын жоққа шығарды.

Фейк элементтері: «бедел адам ықпалы», ғылыми терминология

Ең танымал ТОП-10 фейкте ғылым мен медицинаға қатысты қайраткерлер туралы көптеген мәлімде бар екенін көріп отырмыз. Шамасы, «беделді адам ықпалы» фейк элементі ретінде жалған ақпаратты басқаларына қарағанда жақсырақ тарату үшін керек.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz