Жарты миллиард Facebook қолданушысының дербес деректері тарап кеткен

Сарапшылар Amazon серверлерінен Facebook-тың 540 миллион қолданушысы туралы ақпарат тапқан. Зерттеушілер аккаунт аттарын, ID және қолданушының белсенділігі туралы мәліметтерді анықтаған. Бұл туралы UpGuard компаниясына сілтеме жасап, Tjournal хабарлады.

Ол жерде екі түрлі ақпарат жиынтығы туралы айтылған. Оның ең ірісі 146 гигабайт ақпаратты құраған мексикалық Cultura Colectiva медиакомпаниясына тиесілі. Басқа жиынтықта қолданушылар туралы жеке деректер, мәселен, 22 мың пароль болған.

Ақпараттың қанша уақыт көпшілікке қолжетімді болғаны және оны кім көшіріп алғаны белгісіз. Зерттеушілер Facebook әкімшілігіне хабарласқаннан кейін материал өшірілді. Олар компанияның ішікі саясаты бойынша деректерді ашық ақпарат көздерінде сақтауға тиым салынғанын айтты.

Бұл – дербес деректердің көпшілікке тараған алғашқы жағдай емес. 2018 жылы Cambridge Analytica компаниясы 50 миллион адамның цифрлық бейне портретіне қол жеткізгені белгілі болды. Зерттеушілер бұл жағдайдың АҚШ-тағы сайлауға әсері болуы мүмкін деген болжам жасауда.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz