Жалған | COVID-19 бен 5G арасында байланыс бар

Әлеуметтік желі қолданушылары «5G технологиясы және тері жасушаларында коронавирустың индукциясы» мақаласын таратуда. Мақалада 5G технологиясы мен COVID-19 вирусы арасындағы байланысты дәлелдейді делінген. Шын мәнінде, мақаланы сарапшылар сынға алды. Бұл жайлы StopFake.org хабарлайды.

Мақалада 5G технологиясы коронавируспен байланысты деп айтылған.

«Бұл зерттеуде біз дермистегі жасушалар 5G миллиметрлік толқындарды сіңіре алатынын және оларды басқа жасушаларға тарататын, таратушы бола алатынын және биологиялық жасушаларда коронавирустардың пайда болуында үлкен рөл атқаратынын көрсетеміз» дейді мақала авторы.

Жалған | COVID-19 бен 5G арасында байланыс бар

Мақала ғылыми сайттардың бірінде шынымен жарияланғанды. Алайда мақаланың егжей-тегжейін тексерген соң, сайт редакторы мақаланы алып тастады.

Сонымен қатар, ғылыми қауымдастық мақалада айтылған болжамдарды да сынға алды. Мысалы, микробиолог және ғылыми тұтастық жөніндегі консультант Элизабет Бик «2020 жылы ең нашар жұмыс қайсы? 5G және коронавирустық индукция» деген мақала жариялады. Онда ол мақаланың негізгі тезистерін талдайды.

Биктің айтуынша мақала авторы тезистерді растайтын эксперименттер жүргізілмегеніне және ешқандай дәлел келтірілмегеніне назар аударады. Ғалымның айтуынша бұл ғылыми мақала емес.

Factcheck.kz