YouTube Ресей Мемлекеттік думасының арнасын бұғаттады

YouTube Ресей Мемлекеттік думасының “Дума ТВ” парламент арнасын бұғаттады. Бұл туралы Deutsche Welle сайтында хабарланды.

Думаның ресми Telegram-парақшасында жарияланған YouTube хабарламасында арна “экспортты шектеу және санкция қолдануға қатысты” ережеге сай бұғатталған.

“Дума ТВ” авторларының сөзінше, бұғатталмай тұрып арнаның “145 мыңнан астам тіркелушісі болған” және “видеолар жалпы алғанда 100 миллионнан астам қаралым жинаған”.

Бұл жағдайға қатысты Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова өзінің Telegram арнасында: “YouTube өз-өзіне теріс үкім шығарды” деп жазып, тіркелушілерді “контентті сақтап, ресейлік платформаларға көшуге” шақырды.

DW хабарлауынша, Роскомнадзор америкалық компаниядан Дума арнасын бұғаттан шығаруды талап еткен.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz