Хакерлер осалдыққа назар аудару үшін 28 мың принтерді бұзды

CyberNews киберқауіпсіздік сарапшылары техниканың осалдығына назар аудару үшін 28 мың принтерді бұзды. Бұл туралы басылымның сайтында хабарланды. Басылым қызметкерлері бұзылған принтерлерге CyberNews-те жарияланған нұсқаулықты жіберген.

Зерттеушілер Shodan іздеу жүйесінің көмегімен интернетте желі арқылы басып шығару функциясы бар 800 мыңнан астам принтер тапқан. Сарапшылардың пікірінше табылған принтерлердің 447 мыңы кибершабуылдан қорғалмаған.

Осы құрылғылардың ішінен журналистер 50 мың принтерді таңдап, олардың 28 мыңына арнайы жазылған нұсқаулықты жіберді. Журналистердің айтуынша бұл статистика бүкіл әлемде желілік құрылғылардың жеткілікті түрде қорғалмағанын дәлелдейді.

Cybernews редакциясы қауіпсіздік сарапшылары принтерлердің кибершабуылға төтеп бере алмайтыны туралы бұрыннан білетінін айтты. Олардың айтуынша тіпті сыған дейін принтерлерге жасалған шабуылдар да өздерінің желілік құрылғыларын қорғауға итермелеген жоқ.

Осыған дейін, 2018 жылы 50 мың принтерді бұзған хакер журналистерге осы осалдықтың көмегімен алаяқтар принтерлерде соңғы сақталған немесе сканерленген файлдарға қол жеткізіп, сонымен қатар құрылғыларды бұғаттай алатынын айтты.

Factcheck.kz