“Власть” жаһандық OCCRP желісінің серіктесі атанды

“Власть” редакциясы Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) жаһандық желісінің серіктесі атанды.

“Власть” — әлемнің 42 елінен 55 серіктесі бар OCCRP желісіндегі алғашқы қазақстандық медиа. Vlast.kz OCCRP орталығымен бірлесіп “Pegasus” жобасы, “Pandora Archives”, CreditSuisse Secrets және Назарбаев фондтарының қызметі секілді зерттеулермен айналысқан.

OCCRP құрамына жаңа серіктестердің кіруі ー әр елдегі сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қатысы барлардың жемқорлық торында қалай әрекет ететінін түсінуге көмектеседі.

OCCRP негізін қалаушы Дрю Салливан (Drew Sullivan)

Сонымен бірге, OCCRP құрамына Түрікменстандық Turkmen.news, Беларусьтың “Беларусь зерттеу орталығы”, Хорватияның “Ostro” және Болгарияның “Зерттеу және дата журналистика бюросы” енді.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz