Үндістандағы шабуылдан кейін WhatsApp жан-жақты тексерістен өтеді

Үндістанда WhatsApp арқылы тараған жалған ақпарат бірнеше адамның өмірін қиды деп хабарлайды Poynter Institute.

Карнатака штатының жергілікті сайлауынан бірнеше апта бұрын, яғни мамыр айында, WhatsApp саяси дезинформацияның негізгі көзі болды. Үндістанда WhatsApp-тың 200 милионнан астам пайдаланушысы бар және бұл – мессенджердің әлемдегі ең үлкен қолданыс нарығы. Балалар ұрланды деген ақпарат тарап, нәтижесінде Тамил-Наду штатында 3 адам бұзақылардың қолынан қаза тапты.

Содан бері зорлық-зомбылық тоқтамай жатыр.

Үндістандағы шабуылдан кейін WhatsApp жан-жақты тексерістен өтеді

Қайыр тілеушілер кейпіне енген жинақтаушы органдар туралы жалған ақпаратқа Мадхья-Прадеш штатында 50 шақты адам көтеріліп, маусым айының ортасында олар екі жазықсыз адамды соққыға жыққан. WhatsApp-та тараған хабарламадан 3 адам кісі қолынан қаза тапқан соң Трипура штатының басшылығы алдыңғы жұма күні интернетті 48 сағатқа өшіріп тастады. Бала саудасына қатысты тараған өсектің кесірінен Дхул ауданында тағы бес адамды өлтіріп кеткен.

Мамырдан бері кісі қолынан қаза тапқан адамдардың саны 10-нан асты.
Әр оқиғаға WhatsApp-тағы әңгіменің қаншалықты әсер еткені нақты белгісіз.
Сейсенбі күні платформа Үндістан үкіметінің жазалау туралы арызына жауап берді. Онда құқық қорғау органдарының қосымша көмегі керектігі және жалған ақпарат таратуға шектеу қойып, әрекетке көшуді сұраған.

Контекст

  1. WAN-IFRA қазір Quint-пен Үндістанда тараған, оның ішінде WhatsApp-тағы жалған ақпараттармен күресу жайында тілдесіп жатыр.
  2. Жалған ақпаратпен күресетін Даниэль басшылығының әлемдік міндеттері жаңартылды. Жаңа тізімде Беларусь пен Үндістан бар.
  3. Doğruluk Payı фактчек жобасы Түркиядағы сайлауға жалған ақпараттардың қаншалықты әсер еткенін анықтау үшін BBC-ға аттанды.

Дата-журналист, медиа-тренер. Изучаю журналистику и государственную политику. Целью в профессиональной деятельности является развитие казахстанского общества посредством борьбы против распространения ложной информации в период инфодемии и не только.

Factcheck.kz