Telegram жаңа функциясын іске қосуы мүмкін

Telegram мессенджерінде спойлерді жасыратын функция пайда болуы мүмкін. Жаңа функция таңдалған мәтінді жасыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Android Police сайты хабарлады.

Функция мәтін форматын таңдау ретінде пайда болады. Пайдаланушы хабарлама жібермес бұрын уақытша жасырғысы келген мәтіннің бір бөлігін таңдап, “спойлер” форматын қолдана алады.

Telegram жаңа функциясын іске қосуы мүмкін

Әзірше, бұл функция қашан іске қосылатыны белгісіз.

Таңдалған мәтін бұлыңғыр болады және хабарламаны алушы тек мәтінді басқан соң оқи алады.

Контекст

  • Бұған дейін Телеграм желісінің канал және топ авторлары жазылушыларына фото мен видеоны сақтауға, хабарламаны басқаларға жіберуге және скриншот жасауға тыйым сала алатыны хабарланған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz