Суретші Трамптың твиттеріне реакция ретінде «Саяси шам» жасады

Француз суретшісі Трамптың твиттеріне реакция ретінде “Саяси шам” жасады. Оның бұл өнертуындысында терең мағына жатыр. Шамды Youtube, желісінде көруге болады дейді BoredPanda

АҚШ президентінің Twitter-дегі әр жазбасынан кейін шамның ішінде бірден найзағай пайда болады.   

Parse/Error лақап атымен жұмыс істейтін Марсельдік суретші шамның көмегімен не айтқысы келгенін түсіндірді.

Трамптың твиттерін қадағалайтын “Саяси шам” технологиялық қауіпті дәуірде бір адамның әлеуметтік желідегі сөзі миллиондаған халықтың басын қатерге тігуі мүмкін екенін көрсетеді. Шам табиғи болмысыңды әдеміліктің артына жасыруды суреттейді және қараушының құлқын өзгертіп, бойында мазасыздық пен сиқыр тудырады

Twitter-дипломатия бұл саясаткерлердің әлеуметтік желідегі прагматикалық белсенділігін сипаттайтын жаңа термин. Олардың әрбір жазбасы, сөзі үлкен резонанс тудыруы мүмкін екенін ұмытпау керек. Дональд Трамп ресми аккаунтына қарағанда, жеке Twitter парақшасында әртүрлі дәрежедегі мәселелер жайлы жазады. Оның твиттері түрлі елдердің жаңалықтарында таратылылады және саяси пікір талас тақырыбына айналады.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz