Сноуден: Ассанждың тұтқындалуы және БҰҰ сарапшыларының қорытындысы жайлы

Америка арнайы қызметінің бұрынғы жұмысшысы Эдвард Сноуден Wikileaks-тің негізін қалаушы Джулиан Ассанждың тұтқындалуы адам құқықтарының бұзылуы деген БҰҰ-ның шешімін еске салды.

Сноуден твиттерінде «…БҰҰ Ассанждың қамауға алынуы адам құқығының бұзылуы деп ресми мәлімдеді»  деп жазды.

https://platform.twitter.com/widgets.js

Сноуден твитіне БҰҰ-ның  2018 жылдың 21 желтоқсанында жасаған мәлімдемесін бекітті. Мәлімдемеде Лондон тұрғындарын адам құқықтарын құрметтеуге және Джулиан Ассанжға елшілікті өз еркімен босатуға мүмкіндік  беруге шақырады. Ассанж Эквадор елшілігін 6 жылдан астам мекен етті.

Бүгін Сноуден болып жатқан оқиғаларға қатысты тағы бір твит жариялады:

«Журналистік зерттеулері үшін көптеген жүлдеге ие болған адамды ұстау үшін Ұлыбритания полициясын елшілікке шақырған Эквадор елшісі бейнеленген видео мәңгілікке тарихта қалады. Ассанждың дұшпандары қуансын, бірақ бұл сөз бостандығы үшін қаралы күн» деді ол.

https://platform.twitter.com/widgets.js 

Джулиан Ассанж аса құпия құжаттарды, билік өкілдерінің хаттарын, сыбайлас жемқорлық туралы деректерді жұртқа жариялағаннан бастап атақты болды. Ол 2010 жылы жыныстық зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікпен қамалып, кейіннен кепілмен босатылды. Ассанж 2012 жылы маусымның 9-ы Эквадор елшілігіне саяси баспана беру өтінішімен келді және бүгінгі күнге дейін ол жерден шықпаған.

2013 жылдың басында Эдвард Сноуден The Guardian және The Washington Post басылымдарына Ұлттық Қауіпсіздік агенттігі қолданыстағы байланыс желілері арқылы әртүрлі елдің  азаматтарын жасырын аңдып жүргендігі жайлы құпия мәлімет берді. АҚШ-та Сноуденға мемлекеттік меншікті ұрлады және мемлекеттік құпияны жария етті деген айып тағылды. Сол жылы шілденің 16-cында Сноуден Ресей миграция қызметіне саяси баспана беру туралы ресми түрде өтініш білдірді. 2013 жылдың тамыздың 1-інде Сноуден қажет куәлігін алды.  

 

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz