Ресей 50 мыңға жуық әскеридің қазасын растады ма?

2022 жылғы тамыздың соңы мен қыркүйектің басында интернетте екі құжаттың фотосуреті тарай бастады. Онда Украинада 50 мыңға жуық ресейлік әскеридің қаза тапқаны жазылған. «Проверено» фактчекерлері суреттегі құжаттарды тексеріп көрді.

Мұндағы құжаттар:

  • 2022 жылғы 26 тамызда Ресей Федерациясы қаржы министрінің орынбасары Ирина Окладникованың премьер-министрдің орынбасары Дмитрий Григоренкоға әскери қызметшілердің отбасыларына өтемақы төлеу туралы хаты. Онда Украинадағы соғыс кезінде қаза тапқан 48 759 әскери қызметкер туралы айтылған;
  • 2022 жылғы 29 тамызда Григоренконың атынан қаржы министрлігі мен қорғаныс министрлігіне осы мәселе бойынша нақты тапсырмалармен жіберілген құжат.

30 тамызда “Русский борщ” Telegram арнасы құжаттардың суретін жариялады, ал 1 қыркүйекте бұл ақпарат “Реальная Беларусь” және “Беларусский гвоздодер” арналарында пайда болды. Сенсацияға толы құжаттарды таратқан ресурстардың қатарында Nokta, Reddit, “Слово и діло” да бар.

9 қыркүйекте фотоның бірін кәсіпкер, ресейлік оппозиция жетекшісі Михаил Ходорковский Twitter-інде жариялады.

Украинадағы соғыс кезінде Ресей тарапынан қаза тапқандардың санына қатысты мәселе бірнеше рет әртүрлі ресурста көтерілді. “Русская Служба BBC” 2 қыркүйектегі жағдай бойынша 6 024 сарбаз бен офицердің қаза тапқаны туралы ақпаратты растай алды. Дегенмен агенттік олардың саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Ал 6 қыркүйекте Украина қарулы күштерінің бас штабы қарсыластың 50 мыңнан астам әскери қызметкерінің қаза тапқанын хабарлады. Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігінің ресми деректеріне сүйенсек, 2 наурызда 498 адам, 25 наурызда 1351 әскери қаза тапты. Осыдан кейін бұған қатысты ақпарат жарияланбады.

2022 жылғы 26 тамыздағы хатты талдау:

1. “Проверено” фактчекерлерінің айтуынша, Ирина Окладникованың хаты жолданған вице-премьер Дмитрий Григоренко қаржы министрлігінің жұмысына жауапты емес. Бұл мәселемен үкімет аппараты басшысының бірінші орынбасары Валерий Сидоренко айналысады.

  1. Сонымен бірге құжатта “20212 жыл” деп қате жазылған.
Ресей 50 мыңға жуық әскеридің қазасын растады ма?

3. Хаттағы үшінші құжатта (хронология бойынша бірінші, 25 тамыздағы) өте оғаш нөмір жазылған: 172/7/3894. Құжат нөміріндегі бірінші сан, ресейлік тәжірибе бойынша, министрлік ішіндегі белгілі бір бағытқа жауап береді. Мысалы, қорғаныс министрлігінің 2021 жылғы 17 қарашадағы және 1 желтоқсандағы хатындағы 315 коды әскери комиссариаттарға, ал 256 коды азаматтық персоналға арналған комбинезонға қатысты болды. Бірақ бізді қызықтыратын құжаттағы 172 коды бұрын әскери-патриоттық лагерьлер құру туралы хатта жазылған еді. Ал ол нәрсенің қаза тапқандардың отбасына көмектесу мәселесімен еш байланысы жоқ.

2022 жылғы 29 тамыздағы нұсқаулық тізбесін талдау:

Құжаттың төменгі бөлігі (реттік нөмірі ДГ-П14-16423, мөр, штрих-код, күні) 2020 жылғы 15 желтоқсандағы жалпыға қолжетімді құжаттан алынды. Байқағаныңыздай, ондағы минут пен секунд сәйкес, ал сағат уақыты өзгертілген.

Ресей 50 мыңға жуық әскеридің қазасын растады ма?

Серия нөмірлерінің бірдей болуы мүмкін емес екенін ескерсек, екінші құжаттың фейк екені анық.

Қорытынды: жиналған деректерге сүйеніп, екі құжаттың да жалған екенін айтуға болады.

Factcheck.kz сайтынан: Еске салайық, фактчекерлердің бұл талдауының негізгі тақырыбы — Ресей қарулы күштерінің шығыны туралы деректер емес, көпшілік арасында тарап жүрген белгілі бір құжаттардың суреттері. Сол себепті бұл талдау Украинада 50 мыңға жуық ресейлік әскеридің қаза болуы туралы мәлімдемеге пайдалы аргумент не қарсы дәлел бола алмайды.

Factcheck.kz