«Отбасы банк» алаяқтардан сақ болуға шақырды

«Отбасы банк» кейбір банк салымшыларына таныс емес телефон нөмірден хабарласып, өздерін банк қызметері ретінде таныстыратынын ескертті. Алаяқтар жайлы ескерту банктің ресми инстаграм парақшасында хабарланды.

Сонымен қатар, алаяқтар шот нөмірін және қаражат аударымы жайлы сұрақ қойып, байланысқа шықпаса шоттың бұғатталатынын айтып қорқытады.

Отбасы банкінің қызметкерлері клиенттерге жеке шот деректемелері немесе шот нөмірлерін анықтау мақсатында телефон шалмайтынын хабарлаймыз. Клиенттердің шоттарына қатысты барлық деректер банктің ақпараттық жүйесінде бар.

«Отбасы банк» инстаграм парақшасында жарияланған мәлімдеме

Банк өз салымшыларына қандай нөмірден хабарласатынын да ескертті. Бұл нөмерлер төменде көрсетілген:

  • 87059251300
  • 87059251301
  • 87059251302
  • 87059251303
  • 87059251304

«Отбасы банк» салымшыларына абай болуға және жеке деректеріңізді телефон арқылы белгісіз тұлғаларға айтпауға шақырды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz