OCCRP: Евгений Пригожин “2022 жылдың ең жемқор адамы”

Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) Евгений Пригожинді “2022 жылдың ең жемқор адамы” деп атады.

Зерттеу орталығының бас редакторы Дрю Салливанның айтуынша, Пригожин Ресейдің қатігез және жемқор ықпалын кеңейтуге тырысты, Владимир Путин үшін тонауға және пікірін ашық айтқан кінәсіздерді жазалауға дайын болды.

Пригожин Путиннің тұсында өзін байытқан кәсіпкер ғана емес, ол жүйе қаруының біріне айналды.

Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы

Оған қоса баяндамада Пригожиннің мемлекеттің тиімді келісімшарттары арқылы мейрамхана және тамақтану кәсібін құрып, миллиондаған доллар тауып, “Путиннің аспазы” деген лақап атқа ие болғаны жазылған.

Сонымен қатар орталық бақылаушылары Пригожин негізін қалаған “ЧВК “Вагнер“” жеке әскери компаниясы әскерлерінің дүниежүзіндегі қақтығыс аймақтарында қанды із қалдырғанын айтады.

Әскери топ не үшін күрессе де, қолжазбасы өзгеріссіз қалды — қатігездік. Сириядан Камерунға, Сомалиден Малиге дейін — барлық жерде оларды зорлық-зомбылық, ұрлық, кісі өлтіру және азаптау сияқты әрекеттері үшін айыптады. Бұл жағдай Украинада да болды.

Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы

Контекст

Евгений Пригожин — ресейлік кәсіпкер, олигарх, Ресей президенті Владимир Путиннің жақын адамдарының бірі. Сонымен қатар ол “Конкорд” компаниясының басшысы, 2014 жылы Ресейдің Украинаға басып кіруі кезінде құрылған “ЧВК “Вагнер“” әскери компаниясының негізін қалаушы.

Factcheck.kz