Медиада Болот Теміровті қолдайтын науқан басталды

Temirov Live арнасы журналист Болот Теміровті қолдау мақсатында #МенСенБолотТемиров науқанын бастады. Авторлар медиа өкілдерін, азаматтарды Temirov арнасы командасының «Екі күнде қалай 37 миллион сом табуға болады? Садыр Жапаров және Ташиевтер схемасы” атты зерттеу жұмысын бөлісуге шақырды.

Олардың айтуынша, науқанның мақсаты — Қырғызстандағы сөз бостандығын қолдау.

«Екі күнде қалай 37 миллион сом табуға болады? Садыр Жапаров және Ташиевтер сұлбасы” зерттеуінде Қырғыз Петролиум компаниясын басқаратын Ташиевтер отбасының Қырғызстанда қалай мұнай магнаттарына айналғаны баяндалады.

Контекст

2022 жылғы 22 қаңтарда журналист Болот Теміров есірткіні заңсыз өндіру және сақтау ісі бойынша ұсталған. Сол күні журналистің Temirov Live каналының кеңсесінде тінту жүргізілді. Кейін оның үстінен ҚР қылмыстық кодексінің 379 — «жалған құжат жасау» және 378 — «Қырғыз Республикасының шекарасын заңсыз кесіп өту» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал 28 қыркүйекте Теміров есірткі сақтау және мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге қатысты екі жағдай бойынша ақталып шықты. Ол «Құжаттарды қолдан жасау» бабы бойынша кінәлі деп танылды, бірақ қылмыс мерзімінің өтуіне байланысты жазадан босатылды. 23 қарашада Бішкек соты журналист Болот Теміровті елден шығару туралы шешім қабылдады.

Factcheck.kz