Қырғызстан билігін жиі сынаған журналист Теміровке тағы қылмыстық іс қозғалды

Қырғызстанда журналист Болот Теміровке ҚР қылмыстық кодексінің 379 — “жалған құжат жасау” және 378 — “Қырғыз Республикасының шекарасын заңсыз кесіп өту” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы 24.kg сайты хабарлады.

Болот Теміров мұны Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиевтің ұлына тиесілі компанияның Жалал-Абадтағы бірнеше тендерді жеңгені жайлы жариялаған зерттеумен байланыстырады.

Бұған дейін журналист “Есірткі, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын сату мақсатынсыз заңсыз дайындау” қылмыстық кодекстің 283-бабы бойынша айыпталған. Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.

Контекст

22 қаңтарда Temirov Live арнасының кеңсесінде тінту жүргізіліп, милиционерлер мен маска киген адамдар офиске келіп белгілі бір құжаттарға қол қоюды талап еткен. Тінту жүргізілмес бұрын 20 қаңтарда Temirov Live YouTube арнасында «Екі күнде 37 миллион сом қалай табуға болады? Садыр Жапаров және Ташиевтер схемасы» деген тақырыппен зерттеу жарияланған. 

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz