Коронавирусты 4 метр қашықтықтан жұқтыруға болады

Әлеуметтік желілерде жаңа зерттеуге сәйкес коронавирус адамнан адамға төрт метр қашықтықта жұғуы мүмкін деген ақпарат тарады. Factcheck.kg редакциясы бұл ақпаратты тексеріп көрді.

Коронавирусты 4 метр қашықтықтан жұқтыруға болады
© скриншот Factcheck.kg

Ақпараттың дерек көзі — АҚШ-тағы ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (американдық Денсаулық сақтау министрлігінің Федералды агенттігі). Ұйым өз сайтында COVID-19 вирусы туралы жаңа деректерді жариялаған.

Пекиндегі әскери-медициналық ғылымдар академиясының зерттеушілер тобы зерттеу жүргізді. 19 ақпан мен 2 наурыз аралығында Ухань қаласындағы Хошеньшань госпиталінде коронавирусты жұқтырған пациенттер жатқан палатадан және қарқынды терапия бөлімшесінен талдау алынды.

Қарқынды терапия бөлімінде жағдайы ауыр 15 пациент, ал коронавирусты жұқтырғандардың жалпы палатасында жағдайы орташа 24 емделуші болған.

Коронавирусты 4 метр қашықтықтан жұқтыруға болады
© сdc.gov сайтынан скриншот

©Ғалымдар бөлменің және ауа шығаратын тесіктерден ауа сынамасын алды. Сонымен қатар, стерильді тампондардың көмегімен еден, тінтуір, қоқыс жәшіктері, кереуетттің тұтқаларынан, емделушілерге арналған маскалар, жеке қорғаныс құралдары мен ауа шығаратын тесіктер бетінен сынамалар алды.

Нәтижесінде ғалымдар вирустың ауа арқылы тарау қаупін бағалап:

  • Вирус 4 метрге дейінгі қашықтыққа тарай алады деген қорытынды жасады.
  • Вирус қарқынды терапия палатасында да, жалпы палатада да тарады. Бұл медицина қызметкерлері мен ауруханаларға келушілердің вирус жұқтыру қаупін көрсетеді дейді.
  • Қарқынды терапия палатасында ауада вирус таралу деңгейі әлдеқайда жоғары. Ғалымдар қарқынды терапия бөлімшелерінде жұмыс істейтін дәрігерлерді қорғау шараларын күшейтуді ұсынды.
  • Вирус адамнан адамға 4 метрден жұғуы мүмкін.

Ғылыми жұмыстың нәтижесі 2020 жылдың 10 сәуірінде жарияланды. ДДСҰ сайтында бір апта өткен соң (17 сәуір) арақашықтық сақтау бойынша ұсыныс жаңартылмаған.

Коронавирусты 4 метр қашықтықтан жұқтыруға болады
© ДДСҰ сайтынан скриншот

Қорытынды: коронавирусты 4 метрге дейінгі қашықтықта жұқтыру мүмкін деген хабарлама ғылыми зерттеуге сүйенген және шын болуының ықтималдығы жоғары. Алайда зертеу ауруханада, вирус жұқтырған пациенттері бар палаталарда жүргізілгенін ескерген жөн. Ғалымдардың қорытындысы ауруханалардағы медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ үй карантинінде отырған науқастың отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды болуы мүмкін.

Factcheck.kz