Коронавирус Face ID жүйесінің дамуын жеделдетті

Қытай технологиялары жайлы жазатын Abacus басылымы адамдарды тану технологиясы саласында болып жатқан трендтерді талдады. Басылымның хабарлауынша жақын арада маскалар көшедегі камералардан қорғай алмауы мүмкін.

Олардың айтуынша Қытайда пайда болып, басқа елдерге жаппай таралып жатқан Covid-19 коронавирус та Face ID жүйесінің дамуын жеделдетті. Колумнист Маша Борактың пікірінше бұл жүйе енді бетін маскамен, шарфпен немесе қосымша құралдармен жапқан адамды тану оңай анықтайды.

Көптеген адамдар N95 хирургиялық маскалар мен респираторлар тағуға мәжбүр болғандықтан, Қытайдағы “жасанды интеллект чемпионы” SenseTime компаниясы өнімін дамыта бастады. 2017 жылы Стэнфорд университетінің аспиранты Амарджот Сингх (Amarjot Singh) және оның командасы жүзін жасырған тұлғаларды іздеу технологиясын зерттеген еді.

Профессор Хасан Угайл (Hassan Ugail) бастаған Брэдфорд университетінің зерттеушілері Face Id жүйесін дамытып, 90%-ға дейінгі сәйкестендіруге қол жеткізді. Басқа қытайлық компания да бұл әдісті қолданып, бетперде киген адамдарды тануы мүмкін екенін хабарлады.

Ал Нанкиндегі Minivision компаниясы вирус пайда болғаннан кейін деректерді жинау науқанын бастады. Компания басшылығы деректерді жинауды екі күннің ішінде ұйымдастарды. Базаға бетперде таққан адамның көздері жайлы ақпарат жиналды.

Қытайда вирустан зардап шеккен аудандардағы адамдарға қалада емін-еркін жүруіне шектеу қойылған. Ол үшін Minivision компаниясы әзірлеген алгоритм пайдаланылады. Алайда, бұл жүйе кең аумақта қолдануға жарамсыз. ЖИ Minivision ғылыми-зерттеу институтының президенті Ху Цзяньгоның (Hu Jianguo) айтуынша жүйені қолдану аумағы кеңейген кезде, алгоритм көздерді шатастыра бастайды.

Колумнист бұл жүйенің бәрі әлі зерттелу үстінде екенін айтады. Алайда, болашақта камералардан қашу үшін бетіңізді тұтастай жабу керегін есте шығармаған жөн дейді.

Factcheck.kz