Facebook-тегі жазбаларға қойылатын «фейк» таңбасының кемшіліктері

Facebook платформада жарияланған жалған ақпаратқа “фейк” деген белгі қоя бастады. Алайда, Fastcompany сайтының айтуы бойынша бұл өзгерістің кемшілігі бар.

Management Science сайтында жарияланған MIT-дің жаңа зерттеуіне желі қолданушылары “фейк” таңбасы жоқ жазбаларды тексерілген ақпарат деп қабылдаған. Зерттеушілер мұны “ақиқаттың болжамды әсері” деп атады. Яғни, оқырмандар “фейк” деп белгіленген көп жазбалардың арасында белгіленбеген жазбаны шын ақпарат деп қабылдаған.

MIT Sloan-да басқару, ми және когнитивті ғылымдар кафедрасының доценті Дэвид Рэнд пен оның командасы жүргізген зерттеуге 6000 адам қатысты.

Зерттеу барысында желі қолданушылары жалған ақпараттың 29,8% өз парақшаларында бөліскісі келді. “Фейк” таңбасы бар ақпаратты 16,1%-ы бөліскісі келді. Ал ешқандай таңбасы жоқ, бірақ жалған ақпаратты 36,2%-сі бөліскісі келді.

Дэвид Рэндтің айтуынша қатысушылардың 21,5% – ы ешқандай белгісі жоқ ақпаратты тексерілген, шынайы деп есептеген. Бұл мәселені шешу үшін доцент фейсбукке көбірек фактчекер жалдауға кеңес берді.

Factcheck.kz