Facebook Муссолинидің шөбересінің парақшасын бұғаттады

Facebook Муссолинидің шөбересі Гаи Юлий Цезарьдың парақшасын сәуірдің 9-ынан бастап 11-не дейін бұғаттап тастады. Алайда, желі келесі күні  Муссолини көсемнің шөбересінің парағын қайта ашты деп Tjournal сайты Difesa  жергілікті басылымына сілтеп хабарлады.

Бенито Муссолинидің шөбересі желі оның атын дұрыс түсінбегендіктен парақшасын бұғаттап тастағанын айтты.

Ол жеке парағында «мен Facebook-тегі жеке парақшамда қайтардым. Бұл біздің алғашқы жеңісіміз. Ортақ ой диктатурасына қарсы шыққандарға көп рахмет» деген жазба қалдырды.

Муссолини адвокаттармен «кемсітушілік» факторы бойынша Facebook-ке шағымданатынын айтты.   

Гаи Юлий Цезарь мамырдың соңында өткізілетін Еуропарламент сайлауында «Италия ағайындары» партиясының атынан қатысады.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz