Еурокеңес басшысы Ресейді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен шығаруға шақырды

Еуропалық кеңестің басшысы Шарль Мишель Ресейді негізсіз соғыс бастағаны үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен шығару керек екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол 23 қыркүйекте Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас ассамблея сессиясында айтты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі себепсіз және негізсіз БҰҰ Бас ассамблеясы айыптайтын соғысты бастаса, оның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігін тоқтату автоматты түрде болуы керек.

Шарль Мишель, Еурокеңес басшысы

Сонымен бірге ол Еурокеңестің агрессия мен қауіп-қатерді емес, шекараны құрметтеуді, ынтымақтастықты қолдайтынын атап өтті. “Бұл мықттылардың заңы емес, ережелерге негізделген тәртіп”,- деді Шарль Мишель.

Еурокеңес басшысы Бородянкадағы, Йемендегі және басқа жерлердегі жан түршігерлік оқиғалардың алдын алуға не тоқтатуға шақырып, оны «лидер ретіндегі жауапкершілігіміздің өзегі» деп мәлімдеді.

Factcheck.kz