Эксперимент: әрбір 200-қазақстандық қана фейкті анықтады

Қазақстандағы PR маман Нұркен Халықберген адамдардың ақпаратты тексеру қабілетін анықтау мақсатында тәжірибе жүргізді. Нұркен экспериментті өткізу үшін өзінің «OiPRmy» телеграм каналында фейк жаңалық жариялады деді New Reporter.

«Менің оқырмандарымның қанша пайызы жалған ақпаратқа мән беретіні қызық болды. Каналымда 1800 жазылушы бар. Олардың көп бөлігі маркетолог, журналист және PR мамандары. Сондықтан олардың арнайы дайындық немесе ақпараттық сауаттылық деңгейі қарапайым оқырманмен салыстырғанда жоғары болуы керек. Менің жалған ақпарат таратқанымды қаншалықты тез анықтап, кері байланысқа шығушылар қызықтырды».

Нәтижелі фейк

Нұркен тәжірибесіне әділетсіздікпен күресу үшін ескі ГАЗ 21 көлігімен шенеуніктердің жол талғамайтын қымбат 12 көлігін қиратқан Волгоградтық зейнеткер жайлы жаңалықты таңдады.

Оның ойынша PR нәтижелі болуы үшін архетиптерді және халық арасында жағымсыз пікірге ие шенеуніктерді мысал ету тиімді.

Эксперимент: әрбір 200-қазақстандық қана фейкті анықтады
Сурет Нұркен Халықбергеннің фейсбугынан алынды

Нұркен жалған ақпаратты «Ворошилов мергені немесе Волгоградтан шыққан Гастелло зейнеткер» деген тақырыппен жариялады. Тақырып қалыптасқан образдарға сілтеме еді, бұл жолы бейнені кинодан алды. Михаил Ульянов сомдаған  “Ворошилов мергеніндегі” бас кейіпкер зорланған немерелері үшін кек алады.

«”Ворошилов мергені” адамдарға Робин Гуд сияқты үміт беретін кейіпкер. Адамдар әділеттілік орнататын қаһарманды күтеді. Бұл бай мен бақуаттыларды жазалайтын халық батыры жайлы ертегі. Мұндай ертегілер кең таралған және аңызға айналған. Сәйкесінше мен бірнеше таптаурынды қамтыдым. Біріншіден “бұрын техника сапалы еді, кеңес үкіметі кезінде жасалған зат сапалы” деген пікірді алдым. Екіншіден сынбайтын ГАЗ 21 М волга маркалы көлік. Естеріңізде болса дәл сол фильмде “шөберелерім де бұл көліктің қызығын көреді” деген тіркес бар. Ақпаратты шығарушылар фейкке көп күш жұмсады деп ойламаймын, бірақ бірнеше стереотипті қамтығаны рас. Қорытындылай келе бұл маған керек ақпарат деп шештім. Мен осыған ұқсас жаңалық іздедім, кездейсоқ таптым және жалған екенін айтпастан каналымда жарияладым».

Эксперимент: әрбір 200-қазақстандық қана фейкті анықтады
«ИА Панорама» сайтынан скриншот

Жаңалықтың түпнұсқасы «Панорама» сатиралық басылымында жарияланды. Оны Нұркеннің таратқан ақпаратына бекітілген фотодан көруге болады. Бірақ сайттың өзінде “бұл веб-ресурста жарияланған ақпарат шынайы өмірге  пародия және шын жаңалық емес” деген ескерту бар.

Таңғаларлық нәтиже

Тәжірибенің нәтижесі таңқалдырды.

«Мен бұл жаңалыққа адамдар өз көзқарасын білдіру үшін “дауыс беру” қызметін қостым. Дауыс берудің қорытындысы бойынша адамдар  кекшіл зейнеткер жайлы ақпаратты ұнатқанын байқадым. Олар меншік құқығы және заңмен санаспайды. Жаңалықта зейнеткерге өсімдік өсіріп оны рұқсатсыз сатқаны үшін айыппұл салынды деп айтылған. Бірақ адамдар үшін біреудің жүйеге қарсы шыққаны маңызды болды. Себебі олар наразылық білдіргісі келеді».

Материалды жазу барысында тәжірибеге 961 адам қатысқан. Оқырмандардың ішінде бес адам автордың жалған ақпарат таратқанын анықтады. Бұл көрсеткіш 1%-дан да аз. Телеграмда 55 адам ұнату белгісін басты.

«Ақпараттың жалған екенін анықтаған бестікке олардың  фейкті байқағандардың бірі екенін айтып, шын жүрегімнен алғысымды білдірдім. Олар жазбамды соңына дейін оқып, “достар бұл жалған” деді. Мен тапсырыс берушілеріме PR саласындағы қызмет түрін және кез-келген компаниямен түрлі мәселелерді қозғауға болатынын көрсеткім келді. Бар-жоғы желіде тез таралатын жаңалық жариялап, астына “достар, бұл әзіл” деп жазу керек. Мұны бәрі бір ешкім байқамайды, кейіннен ешкімге ештене дәлелдей алмайсың” дейді Халықберген.

Басылым оқырмандарына пікір білдірместен және таратпастан бұрын жаңалықты тексеруге кеңес берді.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz