ДиКаприо Украинаға 10 млн доллар бергені рас па?

Әлеуметтік желіде актер Леонардо ДиКаприо Украинаға көмек ретінде 10 млн доллар бергені туралы хабарлама тарады. Reuters агенттігі ақпаратты тексерді.

Желіде тараған мақалада, ДиКаприо өзінің нағашы әжеcі Украиналық болғаны үшін (1917 жылы Германияға көшіп кеткен) қаржы бөлгені жазылған. Жазбаға сай бұл ақпаратты Халықаралық Вышеград қоры жариялаған-мыс.

Қор өкілі Лючия Бекова фактчекерлерге бұл ақпаратты растамады. Бұған қоса қордың Facebook парақшасында ақпарат жоққа шығарылды.

Insider және People ДиКаприомен жақсы араласатын жасырын дереккөзге сілтеп, оның Украинаға көмек ретінде қаржы аударғанын жазды. Алайда берілген сома 10 млн доллар емес екені айтылған.

Актер және оның өкілдері бұл туралы ресми мәлімдеме жасамады. Әзірге ДиКаприо Украинаға 10 млн аударды деген ақпараттың нақты дәлелі жоқ.

Контекст

2018 жылы kazinform агенттігі Леонардо ДиКаприо Қазақстандағы тұран жолбарысының популяциясын қалпына келтіру үшін қаржы бөлетінін жазды. Біз бұл ақпаратты тексердік.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz