Денсаулық сақтау министрлігі: Оқушыларға қолғап кию міндетті емес

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов әлеуметтік желілерде мектеп оқушыларына оқу кезінде қолғап кию міндеттелетіні туралы таратылған ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл туралы «Казинформ» хабарлайды.

ОҚК өткен онлайн брифингде Бағдат Қожахметов оқушыларға қолғап кию міндетті емес екенін хабарлады. Әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпараттың жалған екенін айтты.

Дегенмен оқушыларға маска тағу міндеттеледі.

«Балалар ересектерге қарағанда аз ауырғанымен (статистика бойынша, пайызы төмен екенін көреміз), олар вирус тасымалдаушысы және егде жастағы адамдарға, қауіп тобына кіретін адамдарға жұқтыруы мүмкін», – дейді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Factcheck.kz