DEMOSCOPE: Қазақстандықтың көбі жалған ақпаратты анықтауға қиналады

Қазақстан азаматтарының медиа сауаты төмен, сол себепті олардың басым бөлігі жалған ақпаратты анықтауға қиналады. Бұл туралы DEMOSCOPE мәлімдеді.

2022 жылғы 26 қараша мен 7 желтоқсан аралығында DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониториң жүргізу бюросы азаматтар арасында «Қазақстандық медиа мен әлеуметтік желілерде дезинформацияның таралуы мен оны қоғамның қабылдауы» тақырыбында сауалнама жүргізді. Оған 1 100 адам қатысты.

DEMOSCOPE зерттеуінің нәтижесіне сай, респонденттің кем дегенде жартысына жалған ақпаратты анықтау қиын. Азаматтардың 51%-і шынайы ақпаратты фейктен ажыратуға қиналатынын мойындаған: 33%-і фейкті үнемі байқап отыра алмаймыз десе, 18%-і әдетте жалған ақпаратты анықтай алмайтынын айтқан. Ал 41%-і фейкті бірден біліп қоятынына сенімді.

DEMOSCOPE: Қазақстандықтың көбі жалған ақпаратты анықтауға қиналады
Инфографика: Demoscope

Сонымен қатар мамандар көбінің ақпараттың рас-өтірігін тексермейтінін, енді біреулер таныстарын сенімді дереккөз ретінде санайтынын анықтаған.

DEMOSCOPE: Қазақстандықтың көбі жалған ақпаратты анықтауға қиналады
Инфографика: Demoscope

Зерттеу авторларының айтуынша, олар сауалнамаға қатысқандардан фактчекиң туралы да сұраған. Фактчекиң жөнінде 18-24 жастағылар көбірек хабардар. Олар басқаларына қарағанда ақпараттың рас-өтірігін тексереді және фейк екенін оңай анықтай алады.

DEMOSCOPE: Қазақстандықтың көбі жалған ақпаратты анықтауға қиналады
Инфографика: Demoscope

Бұл деректер қазақстандықтардың айтарлықтай бөлігінің медиасауат дәрежесі төмендігін, яғни дезинформация мен пропаганданың деструктив әсеріне ұшырау қаупі барын дәлелдейді. DEMOSCOPE-тың бұған дейінгі зерттеу нәтижелері де осындай қорытындыға жақын.

DEMOSCOPE

Сауалнамаға қатысушылардың 17%-і күн сайын, 54%-і кейде ғана дезинформация ұшырасатынын жеткізген. 23%-і жалған ақпаратты кездестірмейтіндіктеріне сенімді.

DEMOSCOPE: Қазақстандықтың көбі жалған ақпаратты анықтауға қиналады
Инфографика: Demoscope

Оған қоса респонденттер арасында ең танымал дереккөз телеарна болып шықты. Оларды азаматтың көпшілігі артық санаған (61%), екінші орында — интернет басылымдар. Оны сауалнамаға қатысқандардың 40%-і таңдаған. Үздік үштікке YouTube-арналар (20%) мен Instagram пабликтер (17%) енді.

DEMOSCOPE: Қазақстандықтың көбі жалған ақпаратты анықтауға қиналады
Инфографика: Demoscope

Зерттеу 18-34 жас аралығындағы азаматтар ақпаратты интернет-басылымдар мен YouTube арналардан алатынын көрсетті. Сонымен қатар, 18 жастан 24 жасқа дейінгі респонденттер басқаларға қарағанда теледидарды аз көреді. Бұл жастағы азаматтар Instagram, TikTok және Telegram контентін көбірек пайдаланды. 

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - KAZ_2-700x700.jpg
Инфографика: Demoscope

Респонденттің 41%-і дезинформацияны интернет басылым, 29%-і телеарналар, 22%-і YouTube-арналар арқылы тарауы мүмкін екенін айтқан.

Екі рейтиңнің өзара байланысын байқауға болады. Осылайша, жалған ақпаратты кездестіру мүмкіндігі белгілі бір ақпарат арналарын жиі қарай беруге байланысты деген қорытындыға тоқтаймыз. Бұл дезинформация барлық жерде кездеседі деген теорияны растайды.

Demoscope
DEMOSCOPE: Қазақстандықтың көбі жалған ақпаратты анықтауға қиналады
Инфографика: Demoscope

Demoscope зерттеушілері сауалнама қорытындысына сүйеніп, қазақстандықтардың медиасауаты айтарлық төмен екенін, сол себепті оларға жалған ақпараттың әсер ету мүмкіндігі жоғары екенін айтады. Сондықтан олар геосаяси дағдарыс жағдайында тұрғындардың медиасауатын арттыру, оның ішінде қазақстандық мектептер, ЖОО мен мектепке дейінгі мекемелерге енгізу өте маңызды деп есептейді.

Factcheck.kz