БҰҰ: Украинадағы соғыста 17 журналист қаза тапты

Ресей Украинаға басып кіргелі соғыс салдарынан 17 журналист қаза тапты. Бұған қоса 14 медиа өкілдері жараланған. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің отырысында айтты.

БҰҰ дерегінше, зардап шеккен төрт журналист кәсіби қызметіне байланысты қудаланған. Сонымен қатар, кем дегенде жеті адам атыс кезінде қайтыс болған. Болжам бойынша, олардың бесеуі ресейлік әскердің шабуылынан қаза тапты. Тағы бес журналист ұрыс қимылдары кезінде өлген, бірақ кім шабуылдағаны белгісіз.

Сонымен бірге, бір журналисті ресейлік әскерилер ұрлап әкетіп, қинаған. Кейін ол босатылғаннан соң қайтыс болғаны хабарланды.

БҰҰ қайтыс болған және жараланған журналистердің арасында кемінде бес әйел бар екенін хабарлады. Олардың арасында Украинадағы Радио Свобода қызметкері Вера Гирич және ресейлік журналист Оксана Баулина бар.

Сонымен қатар, БҰҰ бақылау миссиясының дерегінше, Ресей әскерлері басып алған аумақтарда жеті медиа қызметкерлері ұрланған. Бұдан бөлек, ресейлік әскерилер кемінде екі рет журналистердің көлігіне шабуыл жасап, атқылаған.

Контекст

  • Кремль Ресей әскери күштерінің Украинадағы бейбіт тұрғындарға қарсы қылмыс жасағанын жоққа шығарады. Ресей тарапы тек азаматтық нысандарға соққы бергенін мойындайды.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz