БҰҰ: Солтүстік Корея зымыран бағдарламасы үшін шетелден криптовалюта ұрлаған

Біріккен ұлттар ұйымының баяндамасына сай, Солтүстік Корея зымыран бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2020 жылдан 2021 жылдың ортасына дейін кибершабуыл нәтижесінде бірнеше миллионға жуық криптовалюта ұрлаған. Бұл туралы ВВC сайты хабарлады.

Зерттеу қорытындысы Солтүстік Кореяға қарсы санкциямен айналысатын БҰҰ комиссиясына өткен жұмада жіберілген.

Зерттеушілердің мәліметінше, Пхеньян кибершабуыл көмегімен алынған табысты ядролық және зымыран бағдарламасын қаржыландыруға жұмсайды.

Солтүстік Корея хакерлері Солтүстік Америка, Еуропа және Азияның кем дегенде үш биржасына шабуыл жасаған.

Баяндамаға сай, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяға ядролық сынақ жасауға және баллистикалық зымыран ұшыруға тыйым салған. Дегенмен, КХДР аталған жобаны іске асыруға қажетті техника үшін шетелге кибершабуыл жасап, ғылыми зерттеулер жүргізіп жатыр.

Контекст

Жапония қорғаныс министрлігінің мәліметінше, былтыр 11 желтоқсанда КХДР ұшырған баллистикалық зымыран Жапон теңізіне қонған. Жапонияның Сыртқы істер министрі Ёсимаса Хаяси Солтүстік Кореяның мұндай әрекеті әлемге қауіп төндіретінінін айтты.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz