БҰҰ фейктерді анықтаудың жаңа курсын әзірледі

Біріккен Ұлттар Ұйымы интернет қолданушыларына жалған ақпаратты анықтауға және оны таратпауға үйрететін жаңа курс бастады. Бұл туралы БҰҰ-ның ресми сайтында хабарланды.

“Дезинформациямен қалай күресуге болады?” курсы Fast Company World Changing Ideas 2022 байқауының финалисі болды. Ол БҰҰ Verified және wikiHow серіктестігінің негізінде әзірленді.

Курс тегін өтеді. Қолданушы ол жерден жалған ақпараттың қалай тарайтынын, дезинформациядан қорғану әдісін, фейк мақалалар мен мемдерді, “бұзылған парақшаларды” анықтауды үйренеді.

Науқан #PledgeToPause хэштегімен жүріп жатыр. Курс қазір ағылшын, чех, неміс, француз және орыс тілінде қолжетімді.

Factcheck.kz