БҰҰ: Әлемдегі адам саны 8 миллиардқа жетті

Әлемде адам саны 8 миллиардқа жетті. Бұл туралы БҰҰ сайтында хабарланды.

Демографтардың сөзінше, адам санын дәл санау мүмкін емес. Бұған қоса, деректер бір-екі жылға артта қалуы мүмкін. БҰҰ болжауынша, енді 9 миллиард адамға жету үшін 15 жыл керек.

Әлем халқының 7 миллиардтан 8 миллиардқа дейін көбеюіне шамамен 12 жыл қажет болған.

БҰҰ есебінше, адам саны 2037 жылға қарай 9 миллиардқа, ал 2058 жылға таман 10 миллиардқа жетеді. Сонымен қатар, 2080 жылдары халық саны 10 миллиард 400 миллионға жетіп, 2100 жылға дейін осы деңгейде қалуы мүмкін.

БҰҰ дерегінше, адамның көп бөлігі Қытай мен Үндістанда, яғни бұл елдерде Жер халқының шамамен 36%-і (3 миллиард адам) тұрады.

Factcheck.kz