British Airways Financial Times-тан мақалалары үшін бас тартты

British Airways жолаушыларына Financial Times газетін ұсынуды тоқтатқан. Құпия дереккөзіне сенсек, газет бұл әуекомпания жайлы жағымсыз мақала жазғаны үшін “жазалануда” деп хабарлады Press Gazette.

Financial Times-тың жаңа шығарылымында әуекомпания газетпен серіктестігін үзгеннен кейін British Airways рейстерінде, күту залында және аэропортта басылым таратылмайтыны жазылды.

Десе де, BA компаниясы жолаушыларына Daily Mail және Guardian газеттерін ұсынуды тоқтатқан жоқ.

FT-тың айтуынша әуекомпания газеттер компания жайлы жағымсыз мақалалар жариялағаны үшін бас тартып отыр. «Бұл артық шығынға еш қатысы жоқ, бұл журналистикаға реакция» дейді дереккөз.

Наурыздың 24-і шыққан мақалада Financial Times British Airways қызметкерлері ереуілмен қорқытқанын жазды. Сондай-ақ Германиядағы әуекомпанияның қоңырау шалу орталығы “теріс пайдалануға қолданылатынын” айтты.

Сол күні шыққан соңғы материалда  қызметкерлер ескірген IT жүйесінен туындаған қоңырау шалу орталығының «деректердің қауіпсіздігі жүйесінің осалдығына» алаңдаулышылықтарын  білдірді.

Ал British Airways компаниясы болса жағымсыз мақала мен газеттен бас тартудың арасында ешқандай байланыс жоқтығын айтты.

«Біз жолаушыларға ұсынылатын басылымдарды үнемі қадағалап отырамыз. Жолаушыларға оқуға арналған ақпараттық, іскерлік және көңіл көтеруге арналған онлайн және баспа материалдардың көптеген түрін ұсынамыз» —  деп мәлімдеді әуекомпания.

Financial Times-бұл жүзмыңдаған тиражбен шығарылатын халықаралық іскерлік газет.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz