Bloomberg: Қытай үкіметі TikTok-қа пропаганда мақсатында тіркелмек болған

Қытай үкіметінің қоғаммен байланыс агенттігі батыс аудиториясына пропаганда жүргізу мақсатында TikTok-та жасырын түрде бейресми аккаунт ашпақ болған. Бұл TikTok қауымдастығының ережелерін бұзатындықтан, компания басшылары өтінішті қабылдамаған. Бұл туралы Bloomberg сайты хабарлады.

Bloomberg редакциясына 2020 жылдың 20 сәуіріндегі TikTok-тың Ұлыбритания, Ирландия, Нидерланды және Израиль үкіметтерімен байланыс жөніндегі департаментінің басшысы Элизабет Кантерге арналған хаты түскен. Хатта қытайлық мекеменің өкілдері TikTok-қа қосылғысы келетінін, алайда олар үкіметтік ұйым екенін жария еткісі келмейтінін жазған. TikTok-та аккаунт ашудың негізгі мақсаты “Қытайдың жақсы жақтарын насихаттау” болған.

ByteDance компаниясының жоғарғы басшылығы өтінішті талқылап, оны қабылдамау туралы шешім қабылдаған. TikTok баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай аккаунт ашу — платформа қағидасын бұзады. Себебі, қосымшада қоғамдық пікірге әсер етуге тырысатын жасырын аккаунт жүргізуге және саяси жарнамаға тыйым салатын ереже бекітілген.

Bloomberg ақпаратына сай, TikTok Қытайдың кейбір мемлекеттік мекемесіне, соның ішінде АҚШ-тағы Қытай елшілігіне жеке аккаунт жүргізуге мүмкіндік береді. Компания өкілінің хабарынша, “TikTok мемлекет бақылауындағы аккаунттарға қатысты саясатын жаңартуды жоспарлап отыр”.

Контекст

  • 2020 жылдың қыркүйегінде АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың әкімшілігі TikTok-ты Қытай Коммунистік партиясымен байланысы бар деп айыптады.
  • Осы кезде Аустралияның стратегиялық саясат институты да TikTok-ты Ресей билігін сынауды, сондай-ақ жынысқа, ориентацияға және дінге қатысты хэштегтерді жиі жасыратынын хабарлады.
  • 2022 жылдың ақпанында TikTok қауіпсіздік ережелерін жаңартты. Компания платформада мизогинияға, деднеймиңге және мисгендериңге тыйым салды.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz