BBC Украинада қаза болған ресейлік әскерилердің аты-жөнін анықтады

BBC және “Медиазона” редакциясы еріктілер тобымен бірігіп, Украинадағы соғыста қаза болған 4010 ресейлік жауынгердің аты-жөнін анықтады. Бұл туралы BBC орыс қызметінің сайтында хабарланды.

ВВС дерегінше, қайтыс болған еріктілер саны тез өсіп жатыр. Сонымен қатар, апта сайын 30-40 еріктінің қазасы туралы ақпарат жарияланады, олардың 20%-тен астамы жасы 50-ден асқандар.

ВВС ақпаратына сай, 4010 жауынгердің 17%-тен астамы офицерлер. Оның ішінде кемінде 4 генерал және 21 полковник. ВВС журналистері мұны Ресей әскерінің құрылымымен байланыстырады. 

Бұған қоса, қайтыс болғандардың 20%-i әскери әуе күштерінде қызмет еткен, 19%-i мотоатқыштар әскерінде болған. Сонымен бірге, ВВС кем дегенде 42 әскери ұшқыштың аты-жөнін анықтаған.

Бұдан бөлек, журналистер бұның тек ашық дереккөздерде жарияланған есімдер екенін, ал қайтыс болғандар саны әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін ескертті.

Контекст

Ұлыбританияның әскери барлауының дерегінше, мамыр айының соңына қарай Ресей Украинада 15 мыңға жуық адамынан айырылған. Ал Украина бас штабының ақпаратынша, Ресей әскерінің шығыны 30 мыңнан асты. Дегенмен, соғыс жағдайында бұл ақпаратты тәуелсіз тексеру мүмкін емес.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz