Astana Hub Google for Startups-тың серіктесі атанды

2022 жылы сәуірде Astana Hub технопаркі Google for Startups (GfS)-пен серіктестік туралы келісімге қол қойып, Орталық Азиядағы алғашқы әріптесі атанды. Бұл туралы технопарктің ресми Instagram парақшасында хабарланды.

Astana Hub GfS-пен бірлесіп Орталық Азиядағы (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан), Әзірбайжан және Моңғолиядағы стартаптар үшін акселератордың іске қосылғаны туралы мәлімдеді.

Технопарктің жазуынша, GfS серіктестік аясында Google сарапшылары дайындаған мастер-класс пен жеке менториң ұсынуға және кейстерге PR қолдау көрсетуге дайын.

Контекст

Google for Startups — әлемдегі инновациялық стартаптарды қолдау үшін 70-тен астам стартап ұйыммен жұмыс жасайды. Серіктестер қатарына 60-тан астам елдегі жергілікті технологиялық хабтар, акселераторлар мен ұйымдар кіреді.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz