Әсия Тулесованың аштық жариялағаны хабарланды

Алматы марафонында тұтқындалған белсенді Әсия Тулесованың аштық жариялағаны белгілі болды. Бұл туралы Әсияның анасы фейсбук желісіндегі парақшасында жазды:

Әсия Тулесова 23 сәуірден бері аштық жариялады және бостандыққа шыққанша ұстайды. Олар тіптен арызды адвокатқа да бермеген.

Құқыққорғаушы Татьяна Чернобиль фейсбуктегі жеке парақшасында келесідей деректерді жариялады (орыс тілінен аударылды):

«Asya Datpta Tulesova мен Бейбарыс Толымбектің адвокаты Жанара Балгабаевадан ақпарат

23 сәуірден бері Әсия соттың өзіне қатысты үкіміне келіспейтіндігін білдіріп, аштық жариялаған. Сот үкіміне сайт Әсия мен Бейбарыс саяси ақпаратты “жеке мақсаттарында” таратты деп танылып, қамауға алынған.

Сол күні Әсия өзі отырған мекеме басшысына аштық жарялау жөнінде хабар берген және ертесінде (24 сәуір) прокурор мен адвокатқа және анасы Janar Jandosovaға хабарлауды сұраған. 

Аштық жөнінде Әсияның адвокаты тек бүгін, 26 сәуірдегі кездесуде ғана білген. Ал кеше адвокат қорғауындағы Әсиямен кездесе алмаған. Бұл – «Адвокаттар мен өзге де адамдардың қылмыстық процесте адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сол сияқты жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау не осындай қызметтің дербестігін және тәуелсіздігін өзге де бұзу, егер бұл іс-әрекеттер адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына немесе заңды мүдделеріне, заңды тұлғалардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру» ( ҚР ҚК-нің 435-бабы).

Ал, Әсия мен Бейбарыстың жағдайларына келер болсақ, өздерін жақсы сезінеді. Бейбарысқа салқын тиген, ем қабылдауда және экобелсенді ретінде сәлемдемелердің пластикалық ыдыспен берілуіне алаңдайды».

Естеріңізге сала кетейік, Алматы марафоны кезінде бірнеше белсенді ұсталып, кейіннен сот Әсия Тулесова мен Бейбарыс Толымбековті 15 күнге қамау туралы үкім шығарған. Бұл жайлы Freedom House және Amnesty International арнайы мәлімдемелер де жасаған.

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz