Amnesty International: Беларусь қауіпсіздік күштері мигранттарға күш көрсетті

Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы Беларусьтегі қауіпсіздік күштерін дағдарыс аймақтарынан келген мигранттарды “қорқытып, қорлады” деп айыптады. Бұл туралы Deutsche Welle сайты хабарлады.

20 желтоқсанда Amnesty International 75 босқынның сауалнамасы негізінде Беларусь қауіпсіздік күштерінің мигранттарға қарсы зорлық-зомбылығы туралы баяндамасын жариялады.

Amnesty International ұйымының мәліметінше, биыл шілде-қараша аралығында 75 адамды Еуроодақ шекарасын еркін өтетінін айтып, Беларуське алдап кіргізген. Олардың ішінде 66 адам Ирак азаматы, сонымен қатар, Египет, Ливан және Сириядан келген жеті сириялық, бұған қоса, бір Ливан және Судан азаматы бар.

Сұхбат алғандардың көпшілігі отбасымен және достарымен келген. Сондықтан жалпы 192 зардап шеккен адам туралы хабарланды.

Сонымен бірге, бірнеше адам шекарашыларға пара бергеннен кейін “жинақ орны” мен шекара аймағынан кетуге рұқсат алғанын айтты.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz