АҚШ-та коронавирус құрбандарына арналған бауырластар зираты

Фактчекерлер әлеуметтік желілерде тарап жатқан Нью-Йоркте коронавирус құрбандарына арналған бауырластар зираты жайлы ақпаратты тексерді. Factcheck.kg редакциясы «бауырластар зиратындағы» көп табыт көрсетілген дронмен түсірілген видеоның шын екенін анықтады. Алайда бұл көріністің мәнін өзгертетін кейбір деректер бар.

Видео Telegram-каналдардың бірінде жарияланған.

АҚШ-та коронавирус құрбандарына арналған бауырластар зираты
© “Дикая Азия” телеграм каналының скриншоты

«Нью-Йоркте Харт аралында коронавирустан қайтыс болғандарды кең бауырластар зиратында көміп жатқан видеоны көрейік. Үйде отырыңыз», – дейді автор.

Factcheck.kg журнлистері ақпараттың қайдан шыққанын анықтады. 10 сәуірде The New York Times сайтында қала өткен ғасырдан бері қайтыс болған адамдарды жерлеу үшін пайдаланатын жерді кеңейтіп жатқаны жайлы ақпарат пайда болды. Алайда пандемия басталғаннан кейін қайтыс болғандар саны әдеттегі күндегімен салыстырғанда 24-ке дейін өсіп кеткен.

10 сәуірде Нью-Йорк мэрінің баспасөз хатшысы Фрэдди Голдстейн CNN-ге берген сұхбатында бұл зират тек COVID-19 вирусынан қайтыс болған, жақын туыстары жоқ, жеке басы анықталмағандарға арналғанын айтты. Ал вирустан қайтыс болған басқа адамдарды туыстары өз қалауынша жерлей алады.

Бұрын жеке басы анықталмаған мәйіттерді Харт аралына 30-60 жұмыс күні ішінде жіберетін еді. Бірақ өлім санының жылдам өсуіне байланысты билік ережелерді өзгертуге тура келді. Енді денені екі аптадан астам сақтау мүмкін емес, сондықтан қайтыс болған адамның жеке басы анықталмаса немесе оның денесін мәйітханадан алып кетпесе, Харт аралына бауырластар зиратында жерленеді.

Қорытынды: жартылай шындық. Фактчекерлер мессенджерде таралған ақпарат шындық екенін, алайда ақпараттағы кейбір фактілерді ескеру керегін айтады.

Factcheck.kz